«Жолаушылар тасымалы» АҚ еліміздегі сұранысқа ие бағыттардың бірінде теміржол билеттеріне арнайы апталық жеңілдік ұсынады. 2026 жылғы 2–5 қараша аралығында №3/4 «Нұрлы жол – Алматы-2» бағытындағы пойыз билеттерін 25% жеңілдікпен сатып алуға болады, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Бұл ұсыныс жолаушыларға Астана мен Алматы қалалары арасында тиімді бағамен сапар шегуге мүмкіндік береді.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының билет кассаларынан сатып алуға болады.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасынан алуға болады.