Соғыс тарихынан сыр шерткен жәдігерлер

Темір жол тарихы
15.04.2025, 09:25
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астана локомотив депосынан 120 адам соғысқа аттанып, көпшілігі қайта оралмаған. Депоның музейінде осынау қан майданда ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер, соғыс және тыл ардагерлері туралы деректер жинақталған арнайы бұрыш бар.

Паровоз тізгіндеп жүріп соғысқа кетіп, елге оралмағандарға музейге кіреберісте мемориалды ескерткіш орнатылған. Ал үш залдан тұратын шағын музейдің меңгерушісі, Құрметті теміржолшы Владимир Ульяненко мұндағы әрбір жәдігер тарихы туралы сағаттап сөйлеуге әзір. 50 жылдай осы депода еңбек еткен ол бүгінде музей жұмысын жүргізіп, әрбір құнды заттарды көздің қарашығындай сақтап отыр. Суреттері ілулі тұрған соғыс ардагерлерінің көбін ол өзі көзімен көрген, әріптес болған.  

– Екінші залда соғыс және тыл ардагерлерінің суреттері мен олардың марапаттары, деректері қойылған. Депода еңбек еткен Л.Ленц, И.Кутубаев, Е.Шаукенов, А.Меженный, В.Плаксин және басқа да Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құжаттары музей төрінен орын алған. Олар майданға жастай кетіп, оралған соң зейнет жасына жеткенше осы депода еңбек етті. Бірқатары тылда жұмыс істеп, жеңісті жақындатуға атсалысты. Кіреберісте тұрған ескерткішті деполықтар өз күштерімен 1985 жылы Жеңістің 40 жылдығына арнап орнатты. Онда соғыста қаза тапқан 68 адамның есімі тасқа қашалып жазылған. Ал негізі деподан 120-дан астам адам соғысқа аттанған, олардың көбі машинистер болғандықтан, ұрыс даласында оқ пен оттың ортасында жүріп пойыздарды тасыған, – дейді В. Ульяненко.  

Залда 9 стенд бар, оның екеуі Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері тақырыбын қамтиды. Ардагерлер туралы мәліметтер, олардың марапаттары, құрмет грамоталары, орден-медальдары қойылған. Ал «1940-1950 жылдардағы Ақмола депосы» атты стендте соғыс жылдарындағы ішкі ресурстарды мобилизациялау жұмыстары туралы деректер берілген. Мұнда облыстық партия комитеті атынан депо ұжымына алғыс жарияланған газет қиындылары, түрлі құжаттар жинақталған.  

Тағы бір стенд «Соғыс жылдарындағы Ақмола депосының теміржолшылары» аталады. Мұнда да соғыс кезіндегі машинистер мен слесарлардың «Бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен жанқияр еңбегі жайлы құнды деректер қойылған. Солардың ішінде Кеңес одағының батыры Дмитрий Степанов жайлы арнайы стенд жасақталған. Екі жыл бұрын жөндеуден өткен музейге ардагерлердің ұрпақтары құнды жәдігерлер әкеп табыстап, олардың қатарын толықтыруға көмектеседі екен.

«Кейде біздің ардагерлердің шетелдердегі ұрпақтары іздеп келеді. Өткен жылы Ислям Кутубаевтың Уфада тұратын ұлы баласымен музейге арнайы келіп, соғыс ардагерінің немересін атасы жайлы деректермен таныстырып, мәлімет бердік», – дейді В.Ульяненко.  

 

Жаңалықтар
13.05.2026
Үш өңірде вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Жаңалықтар
13.05.2026
Олжас Бектенов көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
Әлемде
13.05.2026
Ресей темір жолы жаңа капсулалы вагондарды таныстырды
Аймақтар
13.05.2026
Ардагерден бата алды
Жүк тасымалы / Инфографика
13.05.2026
2026 жылдың алғашқы төрт айында ҚТЖ желісінде 84 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жолаушылар тасымалы
13.05.2026
ҚТЖ жазда 4,2 млн жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр
Спорт
13.05.2026
Маңғыстауда теміржолшылар арасында аймақтық турнир өтті
Әлемде
12.05.2026
Лондон мен Швейцария арасында тікелей пойыз қатынайтын болады
Аймақтар
12.05.2026
Маңғыстау теміржолының аңызы – Жолдас Жетібай туралы бір үзік сыр
Жаңалықтар
12.05.2026
Теміржолшылар бейнесі ҚТЖ-ның LED-экранында
Аймақтар
12.05.2026
Шиелі станциясының жұмысы жаңа деңгейге шықты
Жолаушылар тасымалы
12.05.2026
Қарағанды – Балқаш бағытында қосымша пойыздар шығады
Әлемде
12.05.2026
Stadler компаниясы Дублин - Белфаст бағыты үшін гибридті пойыздар шығарады
Инфрақұрылым
11.05.2026
Түркістан облысында ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының жүзеге асырылу барысы тексерілді
Жаңалықтар
09.05.2026
Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтың Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні мерекелеріне орай құттықтауы
Жаңалықтар
09.05.2026
Көлік министрлігінде вокзалдарды жаңғырту бойынша өңірлер мен ҚТЖ есебі тыңдалды
Жолаушылар тасымалы
09.05.2026
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Жүк тасымалы
08.05.2026
Алғаш рет Орта дәліз бойынша кері жүктеу ұйымдастырылды: Контейнерлік пойыз Түркиядан Қазақстан арқылы Қытайға жөнелтілді.
Аймақтар
08.05.2026
Өскемендік теміржолшылар 101 жастағы ардагер Александра Саратовцеваны құттықтады
Аймақтар
08.05.2026
Майдангер Иван Макеевке құрмет көрсетілді