Белкөл станциясындағы айналмалы үштаған жаңартылды

Аймақтар
25.05.2023, 10:31
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Белкөл станциясындағы үшбұрышты айналма жолды жаңарту жұмысы жүргізілді. Қызылорда жол дистанциясы мен Белкөл станциясының теміржолшыларының күшімен ескі айналманың пайдалануға жарамсыз рельстерінің орнына жаңа темірбетон шпалдарға бекітілген рельстер салынды.    

Магистральдық, маневрлік тепловоздарды, қалпына келтіру пойыздарының көтергіш крандарын және басқа жол бабын жасауға бағытталған түрлі ауқымдағы кіші механизмдерінің қажеттілікке сай жұмыс жасауы үшін үшбұрышты айналманың маңызы зор. Жалпы алғанда тепловоздар мен көтергіш механизмдерді бір бағыттан екінші бір бағытқа бұрып ауыстыруға арналған бұл үшбұрышты үштаған десек те болады. Айналмалы үшбұрыш – осы техникалардың бір бағыттан екінші бір бағытқа айналдырып бұруына арналған механизм. Мәселен, қалпына келтіру пойызының көтергіш кранымен жұмыс жасау қажеттілігі туындаған жағдайда осы үшбұрышпен кері бағытқа айналдырып кранның бағытын өзгертуге болады. Тіпті өндірістік жұмысқа пайдаланылатын магистральдық және маневрлік тепловоздардың өзін қолданылу мерзіміне қарай бағытын өзгертіп отыру үшін де осы үшбұрышқа қажеттілік туындайды екен.

– Белкөл бекетіндегі үшбұрышты айналманы жаңартып ауыстыру жұмысын Қызылорда жол дистанциясының жолшылары жасады. Айналма станция жолдарында салынғандықтан бекеттің теміржолшылары да жаңарту жұмыстарына атсалысуда, – деді Белкөл станциясының бастығы Кенжебек Өтегенов.

 

Бұған дейін депо ауласындағы айналмалы шеңбер Қамқор-локомотив жөндеу депосының таратылуына байланысты жарамсыз халге келген болатын. Шеңберді пайдалану құқынан шеттетілген аймақ теміржолшылары Белкөл бекетінде бірнеше жыл бұрын салынған айналмалы үшбұрыш-үштағанды қалпына келтіру жұмыстарын жасады.Қызылорда жол дистанциясы мен Белкөл бекетінің теміржолшылары өз күштерімен атқарғанымен оларға көмекке салалас кәсіпорындар келді. Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының, Қызылорда белгі беру және байланыс дистанцияларының теміржолшылары өздеріне тиесілі жұмысты орындаса, «Integra Construction KZ» мекемесі «Батыс» дирекциясының УК-25/18 көтергіш-төсегіш краны ескі рельс тізбектерін алып, орнына жаңасын төсеу жұмыстарын нәтижелі атқарып шықты.    

Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік