Маңғыстаулық теміржолшылар Амал мерекесін ерекше атап өтті (Фото)

Аймақтар
18.03.2024, 14:45
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жыл басы Наурыз батыста 14 наурыз – «Амал мерекесі» – Көрісу күнінен бастау алады. Биыл бүкіл еліміз болып айрықша атап өткен бұл күнді маңғыстаулық теміржолшылар да жылдағы әдетінше жоғары деңгейде қарсы алды.

Амал күні ертелетіп Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесіне келдік.  Жол-жөнекей жұмысқа бара жатқан, түнгі ауысымнан шығып үйіне қайтып жатқантеміржолшылар бір-бірімен төс қағыстырып қауқылдай амандасып, мерекемен құттықтап жатты. Әне түнгі жұмыстан шығып жатқан вагон қараушылар мен сол күнгі кезекті ауысымға келіп жатқандар бір-бірімен көрісіп, төс қағыстырып жатыр...  Үстеріндегі қызғылт сары формасы мен киімнің жарық қайтарғышы алыстан «мен мұндалап» тұр...Жүз жылғы жоғалтқанын тапқандай құшақ жая, бауырына басып, жақсы тілектерін жаудыртып жатқан халық...  жып-жылы көрініс... 

Ауладан енгеннен мерекелік леп байқалады, әдемі ән мен төгілген күй қатар алмасып, ғимарат алдына мейрам нақышын келтірер банердің алдын босатпай суретке түсіп жатқан қызылды-жасылды ұлттық киім киген қауым мерекенің сәнін кіргізе түскен. Ұлттық үлгіде құрылған сахна төрінде түбектің атын шығарып жүрген өнерпаз жігіттер. 

 Мерекелік шараға жиналғандарды Маңғыстау қосалқы бөлімі бастығы Нәжімеден Ғұбашов пен маңғыстаулық теміржолшы ардагерлер кеңесінің төрағасы Амандық Алдабергенов ақсақал құттықтап, адам аузы аққа, мал басы көкке жеткен Наурыз айы құт-береке әкелсін, Амал мерекесі құтты болсын деп игі тілектерін арнады, теміржолшылардың жыл бойғы еңбегіне табыс тіледі. 

Әрі қарай жиналғандар мекеменің шарбағына жеміс ағаштарын отырғызып, биылғы көгалдандыру рәсімін бастап берді.

Аулаға тігілген ұлттық нақышта безендірілген ағаш үйдің ішіне кіріп тамашаладық.  Керегеде қасқыр ішік, оқалы шапан ілініп, оюлы сандық, құрақ көрпе, сырмақ төселіп,  дастархан жайылған. Бір-бірінен қазақи киім кию үлгісімен жарысса жеңілгені болмайтындай көз тарта құлпырған қыз-келіншектер қызмет көрстеуде.  Сыртта басталған ойын-сауықта нәзік жандар би биледі, ұршық иіруден жарысты. Ер азаматтар күш сынасып, кір тасын көтерді, арқан тартты. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. Темір жолдың талай жылғы қызығы мен шыжығын көрген ақжаулықты аналар жағы келін түсіріп, сәбиді бесікке салып, отбасындағы құндылықтарды сахнада дәріптеді. 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл