Локомотивтер көктемгі байқаудан өтіп жатыр

Аймақтар
23.05.2024, 15:34
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау локомотив пайдалану депосының паркінде бүгінде елуге жуық тепловоз бар. Дегенмен оның тек 31-і ғана көктемгі комиссиялық байқаудан өтуі жоспарланған.  

Қалғандарының бұл байқауға қатыстырылмау себебі неде және оларды жазғы маусымға дайындау жұмыстары қалай жүріп жатыр, т.т. сауалдарға жауапты  жөндеу бөлімінің басшысынан алдық.    

Деподағы көктемгі комиссиялық байқау 10 сәуірде басталған, мамыр айының соңына дейін жалғасады. Байқау барысында парктегі 46 тепловоздың 31-і көктемгі комиссиялық байқаудан өтуде. Олар 15 – 2ТЭ10МК, 11 – ТЭМ-2 және 5 – ТЭ33А тепловоздары. Комиссиялық байқаудың алдын ала отырысы бойынша қажетті жоспар бекітіліп, аталған жұмыстарды жүзеге асыратын шебер локомотив бригадалары таңдалған. Бригада мүшелері Маңғыстау депосында байқаудан өтетін тепловоздарды жуып, тазалап, кузов, капот, жүріс бөлігін сырлап, ішкі сыртқы әрін келтіру жұмыстарын жүргізуге жауапты. Әр тепловозға тиісінше локомотив бригадалары бекітілген. Соның нәтижесінде жұмыс сапалы әрі уақытылы орындалуда екен.  

– Комиссиялық байқауға жіберілетін 2ТЭ10МК сериялы 15 тепловозға Мақат, Шалқар, Сексеуіл, Ақтөбе деполарында СО-1,2,3 сервистік қызметтері көрсетіледі. Ал ТЭМ-2 сериялы 11 тепловозға жергілікті «Ғасыр-Маңғыстау» ЖШС депосында техникалық қызмет көрсетілуде. Қалған ТЭ33А сериялы 5 тепловоз болса, Маңғыстау депосынан комиссиялық байқаудан өтеді. Қазірге дейін 2ТЭ10МК сериялы 14 тепловоз комиссиялық байқаудан өтті. Арыс қаласында іссапарда жүргендіктен бір тепловоз әзірге өткен жоқ. ТЭМ сериялы тепловоздардың бәрі түгел комиссиялық байқауға ағытылды. Бүгінде оның тек екеуі жөнделіп жатыр, қалғаны толық даярлығын алды. ТЭ33А маркалы тепловоздың бесеуі де комиссиялық байқаудан өтіп, жолсапарда жүр, – деп мәлімет берді  Маңғыстау локомотив депосының жөндеу бөлімінің басшысы Сәбит Зияев.

Сондай-ақ, айтуынша комиссиялық байқаудан өтпейтін 15 тепловоз бар. Олардың байқаудан өтпеу себебі олардың СО-4,5 және ТО-7,8 күрделі жөндеуге  жоспарлануына байланысты. Мұндай жөндеу жүргізу барысында локомотивтердің дерлік барлық агрегаттары мен бөлшектері ауыстырылады. Сондықтан ондай жөндеуден өткен тепловоздарға комиссиялық байқау жүрізілмейді. Ал жоғарыдағы 15 тепловоз биыл осы аталған үлкен жөндеуден өткен екен.    

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды