Қызылорда теміржолында үш тәулікке созылған толаскез өтті

Аймақтар
11.06.2024, 10:57
Суреттерді түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жаз – теміржолды сауықтыру, магистральдық желіні жөндеу жұмыстары жанданатын маусым. ҚТЖ биыл 1400 шақырымнан астам жолды түрлі жөндеуден өткізеді. Оның ішінде 570 шақырымнан астамы күрделі жөндеу.

Бүгінгі таңда жер-жерде жол жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Өткен аптада Қызылорда теміржолында үш тәулікке созылған толаскез өтті. 5 маусым күні таңғы сағат 6.00-де толаскез алынып, 741 метр жолдың күрделі жөндеу жұмысы басталды.  

Биыл Қызылорда бөлімшесінің еншісіне беріліп отырған күрделі жөндеу көлемі 43,16 км. Аққұм – Талап телімінде басталған жұмыстар Ақмая мен Екпінді разъезіне жалғасып, Шиелі мен ҚараөзекҚызылорда-Белкөлге ұласты. Өткен аптадағы үш тәулікке созылған толаскез – осы ауқымды жұмыстың Қызылорда бекетіндегі станциялық жолдарда жалғасуы.  

Күрделі жөндеуді Дәурен Сұлтамұратов басқаратын «Интегра констракшн» серіктестігі «Батыс» дирекциясының құрылысшылары жүргізуде. Қызылорда қосалқы бөлімі бастығының орынбасары Бекжан Өтеулиев барлық жұмыстардың қатаң бақылау шеңберінде жүргізіліп жатқанын жеткізді. Жол төсемінің сапасы технологиялық талапқа сай төселуін, станцияға келіп-кететін жолаушы және жүк пойыздарын қабылдап-жөнелту кесте бойынша іске асырылуын Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасарлары Ербол Оңғарбаев, Нұрлан Бимұратов, Жол дистанциясының бастығы Марат Оңалов, Қызылорда станциясының бастығы Қайрат Нұрединов, вокзал бастығы Жарас Қойшығұловтар реттеп қадағалауда.  

– Биыл Қызылорда аймағында Аққұм-Талап, Ақмая-Екпінді, 20-бекет-Шиелі, Қараөзек-Қызылорда-Белкөл және Бекбауыл-Қамыстыбас станциялары аумағында 43.1598 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізіледі. Қызылорда жол дистанциясының Қараөзек-Қызылорда-Белкөл учаскесіндегі жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары нәтижелі аяқталды деуге болады. Соңғы 72 сағаттық толаскезде Қызылорда станциясындағы басты жолдардың бірі саналатын жолаушылар пойыздарын қабылдап-жөнелтетін екінші жолдың 745 метрлік ұзындығында күрделі жөндеу жүзеге асырылып, үш тәуліктік толаскез мәресіне жетті, – деді Бекжан Өтеулиев.

Жөндеу жұмысына ескі шпалдарды сөгіп алып жинайтын УК крандары, ескі қиыршық тастарды тіліп, қопсытып босататын ауыр тракторлар, жол табанын тегістейтін грейдер-тракторлар, қиыршық тас төсейтін, тегістеп, көтеріп нығыздайтын, рельс түзулігі мен тегістігін технологиялық талаптарға сәйкес бабына келтіретін УК, ВПО, Хопер, Дуомат, ПРМ арнайы техникалар тартылған.  

 

Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Жаңалықтар
28.08.2026
Илецк-1 өткізу пунктінде жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды