Толаскез: Қызылордада төсем қабаты тазаланды

Аймақтар
12.09.2024, 12:15
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында жолдардың бабын технологииялық талапқа сәйкес ұстау үшін кешенді жол жөндеу жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады. Осы аптада Қызылорда жол дистанциясына қарасты бір км жолдың төсем қабатын тазалау арқылы күтім жасалды.    

Белгілі уақыт аралығында жасалатын кешенді жұмысты   Сапарбек Назыров басқаратын Қырқыншы жол машиналары станциясының ауыр жол машиналары жүргізді. Қызылорда жол дистанциясы бастығының орынбасары Нұрболат Сақтағанов, Қырқыншы жол машиналары станциясының Қызылорда телімінің басшысы Ербол Рүстемов, дистанцияның телім басшысы Бақытжан Аптаев, техник Мұрат Ахынбаевтар телім басында таңғы 08.20 мен кешкі 20.20-ға дейін 12 сағаттық толаскезге берілген уақытты тиімді пайдалану үшін барлық жұмысқа басшылық жасады. Шорнақ станциясы маңындағы шамамен 1000 метр аумақтағы магистральдық теміржол табанын тазалау технологиялық талапқа сай рет-ретімен жүргізілді. Ең алдымен жол төсемінің ластанған қабатын тазалауды бастаған RM-80 UHR №420 машинасы рельс шпалдары астындағы қиыршық тас қабатын сорып тартып алу арқылы жолдың шаңын аспанға көтеріп, електен өтіп кеткен ұнтақ тастарды айналмалы лента арқылы жол жиегінен алысқа атып шығара бастады. Осылайша 500 метрлік аумақтың тасын тазалағаннан кейін қопсытылған топырақтай шашылып қалған қиыршық тастардың үстіне Хопер вагондарымен жаңа шебень төгілді. Қиыршық тас төсемінің шамадан тыс артық төселмеуін, рельс тізбектерінің орнынан ойнап кетпеуін, жалпы  телімнің зақымданбауын дистанция жолшылары бақылауда ұстады.  

– Теміржол төсемдерінің қиыршық тасты қабатын түрлі лас, қоқыстардан тазалау және жаңадан қайта төсеу кезінде жолдың үстіңгі балласты қабатын тазалау үшін RM-80 жол машинасы қолданылады. Жол үстіндегі балласты тазалау кезінде аталған техникамен қатар DUOMATIC, DGS-90N, PBR жол машиналары іске қосылды. Мысалы, DUOMATIC типті жол машинасы жолды түзету үшін қолданылса, DGS жол төсемін тұрақтандыру және тығыздау үшін пайдаланылады. Ал PBR техникасы жол төсеміндегі қиыршық тасты бөлу және тегістеу үшін қажет. Бүгінгі толаскезде аталған техниканың барлығы технологиялық талапқа сай рет-ретімен қолданысқа енгізіліп, жолдың бабын жасап жатқанын көріп тұрмыз, – деді Қызылорда телімінің басшысы Ербол Рүстемов.

Магистральдық жолдардың бабын жасауда мол тәжірибе жинаған Қырқыншы жол машиналары станциясының ұжымы бұл жолы да сенім үдесінен шықты. РМ-80 техникасының бас машинисі Нұрмахан Еңсепов, машинистер Қайрат Килибаев, Рауан Алтынбеков, Құрбан Сапаров және Асқар Байменов бүгінгі толаскезде техникалардың кідіріссіз және үнемді жұмыстарын қамтасыз ете білді. Толаскез кезінде кестемен өткізілетін пойыздардың қозғалысына кедергі болған жоқ.  

Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті