Толаскез: бағыттамалық бұрмалар ауыстырылуда (Фото)

Аймақтар
26.09.2024, 10:51
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жылдың қай мезгілі болмасын пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау үшін телім бойынан табылатын аймақ жолшылары жолдың бабын жасау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Кеше Қызылорда жол дистанциясының жолшылары 14 бекеттің оңтүстік алқымындағы 3-бағыттамалық бұрманы ауыстырды.

Жолшылар ұжымы 12.40 минут пен 17.10 минут аралығында төрт жарым сағаттық толаскез алып, жұмысқа кірісті. Таңертеңнен бекеттің тақ жолындағы бұрманы ауыстыруға дайындық жасалып, толаскез уақыты берілген бойда, жол төсемінің беткі 20 сантиметрлік қабаты трактордың күшімен сүріліп алынды. Одан кейін жол табаны 40 сантиметр шамасында трактормен қопарып алынды. Трактордың жұмысын жеңілдету үшін қолына күрек, қайла ұстаған жолшылар да жолды дайындауға кірісті. Берілген уақытты ұту үшін Бірқазан телімінің жол шебері Талғат Шалабаев, бригадир Сәбит Ахметов, Тартоғай телімінен Бекзат Жұмаділов, Әділет Қожаберген, Сұлутөбеден Қайрат Надиров, Аңсат Мәлібек, Рахат Құрманәлі, Белкөл телімінен Ерболат Торанов, Асылхан Оразбеков, Қайырбек Ахметов, Қапар Раханов секілді жолдың бабын жасауда тәжірибесі мол жолшылар  тартылыпты. Жол төсемінің қабатын тиісті тереңдікте қазып тазарту, қиыршық тасты төсемнің белгіленген қалыңдықта салынуын қадағалау, көтергіш кранның, жол техникаларының үйлесімді жұмыс жасауын реттеу секілді ұйымдастыру жұмыстарына Қызылорда жол дистанциясы бастығының орынбасары Батыр Мамедалиев, 3-өндірістік телім басшысы Рүстем Досымов, телім басшысының орынбасары Диас Қажденов басшылық жасады.

– Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің басшылығы бекіткен жол картасына сәйкес бағыттамалық бұрмалардың жұмысын жақсарту мақсатында дистанцияның Екпінді, Төменарық, Қараиірім, 14-бекет, Бірқазан және Қызылорда станцияларындағы телімдерде пайдаланылған 9 жиынтық бағыттамалық бұрманы қайта салу жоспары қабылданған. Бүгінгі таңда 7 жиынтық бағыттамалық бұрма ауыстырылуға дайын болды. Бұрмаларды жаңартып-жаңғырту арқылы ауыстыру оларда болуы мүмкін кінәраттардың алдын алып, арқалықтар мен крестовиналардың қызмет ету мерзімін ұзартады. Бүгін ауыстырылуы тиіс бағыттамалық бұрмалардың бесіншісі ауыстырылуда. Алдағы уақытта қалған бұрмалар да рет-ретімен ауыстырлатын болады, – дейді Қызылорда жол дистанциясының бастығы Марат Оңалов.

Бұған дейін дистанция жолшылары Екпінді, Төменарық, Қараиірім бекеттерінде осындай толаскез өткізіп, бұрмаларды жаңалады. Толаскезде Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының электромеханиктері, 14-бекеттің теміржолшылары және Қызылорда қалпына келтіру пойызының құрамы техникаларымен жұмыс жасады.  

Бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, толаскездің уақытын тиімді пайдалану, кестемен өтетін пойыздардың қозғалысына кедергі келтірмеу басты назарға алынды. Бағыттамалық бұрма салынып болғасын жолдың сапасы технологиялық талаптарға сай болу үшін арнайы жол машинасы Унимат іске қосылып, жолдың бабы жасалады.

Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті