Толаскез: рельс бекітпелері жол машинасымен ауыстырылды

Аймақтар
05.11.2024, 08:54
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Аймақтағы магистральдық жолдардың күтімі техникалық талапқа сай болуы шарт. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қазалы жол дистанциясының Қазалы-Бекбауыл станциясының аралығындағы тақ жолда 2 км жолдың кешенді жөндеуден өткізілуі – осы мақсатты қамтитын кезекті шара.

SMD-80 Plasser-Theurer (СМД) кешенді жол машинасымен рельс бекітпелерін жаппай ауыстыру үшін 1 қарашада 13 сағат 10 минуттан бастап 36 сағаттық толаскез берілді. Айта кетейік, СМД-80 кешенді машинасы аймақта алғаш рет қолданылуда. ПЧМ Шу мекемесінің есебіндегі СМД-80 кешенді жол машинасы еліміздегі бұл сериялы жалғыз түйір техника екен. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің бастығы Ахметқали Елеусінов заманауи машинаның жұмыс тиімділігіне назар аударды.

– Теміржол саласында тек Шу машиналандырылған жол дистанциясының балансындағы SMD-80 Plasser-Theurer (СМД) кешенді жол машинасы аймақ жолдарын кешенді жөндеуге алғаш рет қолданылып жатыр. Онымен жұмыс кезінде жолға төселінетін қиыршық тас айтарлықтай үнемделеді. Техника рельске бекітілген ескі шпалдарды өзі бұрап босатып алғаннан кейін жаңа шпалды өздігінен ескі шпалдың орнына салып, бекітпесін бекітетін мүмкіндікке ие. Техника жолды жөндеп өткеннен кейін жол машинасы РМ-мен тазаланған қиыршық тастардың үстінен үстеме тас төселінеді. Ал күрделі жөндеу кезінде жол төсемдері, қиыршық тас, топырақ толығымен сүріліп алынып, барлық технологиялық процестер жаңадан басталып жүргізіледі, – деп түсіндірді Ахметқали Елеусінов.  

Бұл бір қарағанда жолдарды күрделі жөндеу жұмыстары секілді көрінгенімен, СМД жол машинасының ерекшелігі заманауи сұраныстарға толық жауап бере алатын мүмкіндігінің болуында. Сонымен қатар СМД машинасымен жұмыс кезінде барлық жол жөндеу жұмыстары осы техниканың күшімен атқарылып, жол жөндеушілер технологиялық талаптардың сақталуын бақылап отырады екен.  

Толаскездің техникалық талаптарға сай өтуіне Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Ербол Оңғарбаев бастаған Қазалы жол дистанциясының басшылары бақылау жасады.  

Сонымен қатар аймақта жолдың бабын жасаудағы қосалқы жұмыстарға ПЧМ Ағадырдың Дуомат, ПВР, РМ, ДГС, МКТ, ПРБ секілді кешенді жол машиналары пайдаланылған. Аталған техникалармен жол төсемдері тазаланып, түзетіліп, жол қабатын тұрақтандырып тығыздау, жол төсеміндегі қиыршық тасты бөлу және тегістеу жұмыстары атқарылып, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға жіті назар аудару нәтижесінде Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты жол телімдерінің сапасы талапқа сай.  

 

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті