Тасымал қызметіне талап күшейеді

Аймақтар
15.11.2024, 09:00
Оқуға 4 мин
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкент қаласында Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы-мемлекеттердің теміржол әкімшіліктері уәкілетті өкілдерінің тасымалданатын жүктерді сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша кеңесі өтті. Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Грузия және Беларусь теміржол әкімшіліктерінің өкілдері қатысқан кеңес жұмысы бірнеше күнге созылды.

Жалпы, Достастыққа қатысушы елдердің талап қою кеңесі жылына 2 рет көктем және күз айларында ұйымдастырылады. Ал мұның алдында Мәскеуде өткен кеңестің бір ерекшелігі сол – басқосуда мамандар тек түпнұсқа құжаттармен ғана жұмыс істейді. Осылайша, коммерциялық жүк тасымалы мен заң және талап ету бөлімдерінің өкілдері теміржол тасымалындағы жүктерге қатысты талап ету шараларын кеңінен, жан-жақты талқылайды. 

 

Шырайлы Шымкентте төрт күнге созылған алқалы жиынға қатысушы өкілдер әрбір елдің қолданыстағы заң талаптары мен нормативтік құқықтық актілерді, заңдық күші бар қаулы, ережелерді талдап, таразылап, жүк тасымалы қызметіндегі даулы мәселелерді тиімді шешудің жолдарын қарастырды. Соның қатарында уәкілетті органның бекітуінде мемлекетаралық стандарттар негізінде әзірленген «Қазақстан Республикасының теміржол көлігінде электрондық бекіту-пломбалау құрылғысын қолдану қағидалары», «Электрондық пломбалау құрылғыларына қойылатын техникалық талаптар» жобалары бар. Олар бекітілгеннен кейін жаһандық навигациялық спутниктік жүйелер негізінде онлайн режимде жүктердің жүру бағыты бойынша ілгерілеуін бақылауға мүмкіндік беретін Қытай – Еуропа – Қытай қатынасында контейнерлік тасымалдарда электрондық бекіту-пломбалау құрылғысын қолдану тәртібі белгіленетін болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ үшін тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету басты міндет болып қала бермек. Осы мақсатта Ұлттық компания жетекшілері жол карталары мен теміржол көлігіндегі құқыққа қарсы іс-қимылдардың алдын алу, жолын кесу жөніндегі жедел және профилактикалық іс-шаралардың кешенді жоспарларын тұрақты негізде әзірлеп келеді.  

Ал өңірлік жүк тасымалдау бөлімшелерінде құқық қорғау органдарымен және Әскерилендірілген теміржол күзетімен жұмысты үйлестіретін алдын алу кеңестері жұмыс істейді. Сондай-ақ жыл бойы әртүрлі жүктердің сақталуын қамтамасыз ету шараларын күшейтуге бағытталған тақырыптық айлықтар өткізіліп тұрады. Контейнерлік пойыздарда жүктердің сақталу деңгейін арттыру үшін ҚТЖ тасымалдау процесі мен күзет іс-шараларын жетілдіру бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, Қазақстан аумағы бойынша техникалық және технологиялық операцияларды орындау кезінде транзиттік контейнерлік пойыздардың тұрақтау ұзақтығының нормативі белгіленіп, Достық және Алтынкөл станцияларында пойыздарды өңдеуге кететін уақыт қысқартылған. Сонымен қатар, теміржол көлігі кеңесі дирекциясының шеңберіндегі талап қою жиыны тараптар үшін теміржол көлігінде жүктің қауіпсіздігі мен сақталуы мәселелерін егжей-тегжейлі талқылауға мүмкіндік берді. Өйткені Қытай – Еуропа және Қытай – Ресей сияқты негізгі бағыттар бойынша халықаралық транзиттік тасымалдау көлемі өсіп келе жатқан қазіргідей жағдайда қауіп-қатерлерді азайту және бақылауды күшейту үшін бірлескен шешімдер қабылдау өте маңызды.  

– Біз тасымалдау сенімділігін арттыруға және теміржол әкімшіліктері арасындағы өзара әрекеттестікті жақсартуға бағытталған шаралар кешенін талқыладық. Мұндай шаралар ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, барлық қатысушылардың мүдделерін қорғауға да мүмкіндік беретініне сенімдіміз, – дейді жиынға қатысқан «Жүк тасымалы» ЖШС-нің маркетинг және жоспарлау жөніндегі директорының орынбасары Саламат Әбжалиев.

ҚТЖ өкілінің айтуынша, бүгінгі таңда станциялық объектілердің инфрақұрылым учаскелерінде бейнекамералар орнатылған. Сондай-ақ магистральдық локомотивтер кабинасы да бейнетіркегіштермен жабдықталған. Мұның бәрі де транзиттік тасымал қызметінде озық технологиялар қолданылуының көрсеткіші болып табылатыны сөзсіз. Сонымен қатар ҚТЖ соңғы кездері коммерциялық ақауларды анықтауға, шекаралық станциялардағы ағытпаларды алып тастауға және вагондарды іргелес станцияларға қайтаруға бағытталған «Жылжымалы құрамды есепке алу және бақылау жүйесін (цифрлық шеңбер) енгізу» жобасын қызу қолға алып, белсенді жүзеге асырып жатыр.  

Алқалы жиында баяндама жасаған білікті маман, даулы мәселелерді шешуде тәжірибесі мол менеджер Әлия Медебаева үшінші мегаполисте өткен кеңес жұмысы жемісті болғанын жеткізді.  

– Егер тараптар ешқандай да ортақ мәмілеге келе алмаған жағдайда төрелік айтуға орбитр шақырылады. Оған даулы мәселеге айналған жүк тасымалы бағытынан мүлдем тыс қалған және бұл процеске мүлдем қатыспаған елдің өкілі шақырылады. Тараптар құжаттармен қоса, өз ұстанымдарын орбитр назарына ұсынады. Ал бейтарап бағыт ұстанған орбитр істің тең шешімін айтуы тиіс. Шымкентте өткен кеңесте ондай қажеттілік болған жоқ. Тараптар Достастыққа қатысты теміржол әкімшілігіне тиесілі жүктердің қауіпсіз тасымалдануы мен контейнерлердің бүлінуі салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулы істерді қарау жөніндегі талап қою жиынында өзара тиімді қарым-қатынас орнатып, тасымал қызметіне қатысты талапты күшейту бағытында ортақ мәмілеге қол жеткізе алды, – деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас менеджері Ә.Медебаева.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті