Халықаралық деңгейде өткен толаскез

Аймақтар
12.12.2024, 12:14
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Магистральдық желі дирекциясына қарасты Қызылорда жол дистанциясының Түркістан – Шорнақ телімінде тұтас теміржол төсеміне тиімді тәсілмен жөндеу жүргізілді. Жөндеу жұмыстары аясында жол машиналарының көмегімен 2086 метр жолда темірбетон шпалдар мен металл бекіткіштер ауыстырылды.

Магистральдық жолдардың қауіпсіздігі мен ұзақ мерзімді пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған жоба инфрақұрылымды жақсартудағы маңызды қадам болумен қатар, тамаша тәжірибе алмасу алаңына айналды. Өйткені жұмыс үдерісіне Қазақстан темір жолына қарасты құрылымдармен қатар көршілес Қырғыз темір жолының да өкілдері қатысты. 

Күрделі жөндеу жұмыстары жаңа тиімді әдіс бойынша жабық аралықта жүргізілді. 36 сағаттық технологиялық «толаскез» барысында 2086 метр теміржол табаны толықтай жаңартылды. Жол шаруашылығындағы түрлі техникалар легі іске қосылып, Duomatic, ПРБ, ВПО, ШОМ, ДГС, RM-80, SMD-80, т.б. техникалар рет-ретімен жұмысқа жегілді. 

Шорнақ – екі бөлімшенің шекарасы әрі пойызды басқару жүйесінің түйіскен нүктесі болғандықтан үлгілік нұсқада өткен күрделі жөндеуге Қызылорда, Алматы мен Шымкент бөлімшелерінің тиісті құрылымдары, жолшылар, ПЧМ Ағадыр, ПЧМ Шу, т.б. жол шаруашылығының өкілдері қатысты. 

– ЦЗ Т.Алдыбергеновтің 02.12.2024 ж. №ЦЗ/225-И телеграфтық нұсқауына сәйкес желтоқсан айының 09-10 күндері Шорнақ – Түркістан учаскесінің тақ жолы бойындағы екі бөлімше учаскелерінің түйіскен жерінде 2 км рельс тіректерін ауыстыру үшін 36 сағаттық үлгілік нұсқадағы толаскез өткізу жоспарланған болатын. Бүгін жұмыс басталды. Кешенді машиналар жұмыс жасап жатыр. Біз қазір DUOMATIC машинасының екінші төсем жасау жұмысын қырғызстандық әріптестерімізбен бірге қарап бақылап тұрмыз. Барлық жұмыс технологиялық талапқа сай жүріп жатыр, жол машиналарының жұмысы өз тиімділігін көрсетуде, – деді Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Сәулебеков.

Күрделі жөндеудің бүкіл жұмыс процесін көзбен көріп, 24 вагонға тиелген 3840 темірбетонды шпал салынып, 2086 метр жолдың жаңарғанына біз де куә болып, алыстан ат терлетіп арнайы келген көршілес әріптестерді сөзге тарттық. 

– Қазақстандық әріптестеріміздің күрделі жөндеуін көзбен көріп, тәжірибе алмасу үшін арнайы келдік. Мынадай техникалар бізде жоқ болғандықтан, олардың жұмысымен танысу, қазақ туғандарменен бірге толаскезге қатысу біз үшін үлкен мүмкіндік болды. Бізде түйіспесіз рельс ұзындығы 800 метр болса, сіздерде 30 шақырымға жетеді екен. Жолшылардың кәсібилігі өз алдына, барлық жұмысты техниканың күшімен жасау керемет екен, – деді «Кыргыз темир жолу» УК» ММ жол шаруашылығы филиалының бас инженері Талантбек Темирболатов. 

Шорнақ – Түркістан станцияларының аралығында тақ жолдың 3085-3094 шақырымына дейінгі аралықтағы жол телімін жаңартқан күрделі жөндеу кестеге сай аяқталып, жоспарлы жұмыс толық көлемде орындалды. Халықаралық деңгейде өткен толаскез қазақстандық жолшылардың кәсіби біліктілігі мен жол техникаларының мінсіз жұмысын көрсетті. 

Жалпы, телімде жоспар бойынша 10 км жолда темір бетон шпалдардарды темір металл бекітпелерімен қоса ауыстыру көзделген. Алдағы уақытта жұмыс әлі жалғасады.

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды