Маңғыстау теміржолында ерекше нысандар пайда болады

Аймақтар
20.01.2025, 09:54
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолында өткен жылы ауыз толтырып айтуға тұрарлық жұмыстар жасалды. Теміржолшылардың санитарлық-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытында атқарылған бұл жұмыстардың нәтижесінде көптеген станция-бекеттерде жылы және жаңа модульдік ғимараттар бой көтеріп, бірқатар нысандар жөндеуден өтті.    

Сонымен қатар биылдан бастап ерекше үлгідегі гараждар салынып бастады. Сайөтес станциясының аумағында көп ұзамай құрылысы бітіп, пайдалануға берілетін автокөліктер мен дрезинаға арналған гараждар ҚТЖ көлемінде бұрын-соңды болмаған, жаңа жобамен жүзеге асырылып жатқан алғашқы нысандар көрінеді.  

 – 2024 жылға алдымызға қойған жоспардың бәрі орындалып, құрылыстарымыз толықтай бітті. Осы айдың ішінде Сайөтес станциясындағы автокөлікке және дрезинаға арналған гараждың қалған шаруаларын аяқтап, қолданысқа тапсырамыз деп отырмыз. Бұл нысандар компания бойынша бірінші рет сынақ ретінде салынып,  тәжірибеден өткізілгелі отыр. Оның орнында бұрын тозығы жеткен ескі гараж болатын. Соны бұзып, орнына модульді-блоктық нысан құрастырылып орнатылды. Оның ерекшелігі, заманауи үлгіде, ішінде жатын орны, жуынатын, демалатын бөлмелері, толық жабдықталған  асханасы бар. Механикалық шеберханасы да болады, онда көлікті жөндеуге қажетті құрылғылар орнату қарастырылған. Бір сөзбен айтқанда жұмысшының сол жерде демалып, қажетті жұмыстарын атқаруына толық мүмкіндік болады, – деген Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің ғимарттар мен инженерлік жүйелер бөлімі бастығы Нұржан Мусирхановтың айтуынша, бұрынғы гараж ғимараттары тастан қаланып, үсті битуммен жабылған болса, қазіргісіне ыстық пен суыққа төзімді жаңа құрылыс материалдары қолданылған.  

Ал енді модулдік ғимараттарға ойыссақ, былтыр бөлімше бойынша мұндай нысанның жиырмасы орнатылған еді. Оның екеуі ЭЧ-5 Маңғыстауға, он данасы ПЧ-12 Бейнеуге, сегізі ПЧ-13 Маңғыстау аумағынан бой көтерген. Бұдан басқа 24 ғимаратқа ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілген. Олар Шетпе, Бейнеу, Ақжігіт, Тұрыш, Сам, Құрсай, №1, №2, №3, №6 станция-бекетердегі ЭЧ-5, ПЧ-12 мекемелерінің әкімшілік ғимараты, сондай-ақ пайдалану пункттері, гараждар, жылыну будкалары, Бейнеу – Тассай бағытындағы тұрғын үйлер.  

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің ғимарттар мен инженерлік жүйе бөлімі бастығының сөзіне сүйенсек, осы жылы тағы да Ақжігіт, Ноғайды, Боздақ, Шетпе, Өзен, Сайөтес, Құрық порты станцияларына жаңа модульді-блоктық ғимараттар қойылады. Сонымен қатар Ақжігіт, Сәнкібай, Тоқсанбай, Тұрыш, Бейнеу, Боздақ, Бопай станцияларына гараж орнату жоспарда бар.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл