Жұмыс киімнің бірегей үлгісі қарастырылады

Аймақтар
28.01.2025, 09:15
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Өткен аптада Мағыстау теміржолында теміржолшылардың жұмыс киіміне қатысты жиын өтті. Басқосу арнайы жұмыс киімдеріне, аяқ киімдерге, қорғаныс құралдарына қойылатын талаптар стандартын қайта қарастыру үшін жұмысшылардың ұсыныс-пікірін тындауды көздеді.

Жиынға ұлттық компаниядағы осы салаға жауапты басшылар да қатысты, сонымен қатар түбек теміржолшыларының арнайы киімдерін дайындайтын мекеме өкілдері де арнайы шақырылды. Осыған дейін жергілікті теміржолшылардан жұмыс формасына қатысты сын айтылған бірнеше жағдай болды. Сондықтан теміржолшылардың ұсыныс-пікірін тыңдап, арнайы жұмыс киімдерінің үлгісін «келісіп пішкен» бұл кездесудің маңызы ерекше болды.    

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі мен Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшелерінің ғимараттарында екі күн бойына жалғасқан дөңгелек үстелде теміржолшылар формасының фасоны мен матасына, жалпы сапасына қатысты қызу пікірталас болды. Басқа салалардағы арнайы киімдермен салыстырып, өзгертуге, сапасын арттыруға қатысы пікірлер тыңдалды.    

– Жұмысшылардың арнайы жұмыс киімдерінің стандарты қалай болу керек деген мәселе бойынша оның үлгісі мен сапасына жауапты жандарды түгел жинадық. Олар көпшіліктің ұсыныс-пікірлерін жазып алды. Бізден кейін басқа да өңірлерді аралап, барлық ескертулерді ескеріп, стандарт бойынша ортақ бір тоқтамға келіп, теміржолшылар формасының бірегей үлгісі, дизайны жасалатын болады, – дейді орталық теміржолшылар кәсіби одағының Маңғыстаудағы өкілі Сәрсенбай Есенқұлов.  

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға