Вагон қараушылар қырағылықты күшейтті

Аймақтар
10.02.2025, 11:36
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Бүйірлік рамалардың ақауы – вагон шаруашылығы қызметкерлерінің бас ауруына айналған тақырып. Ақауды дөп кезінде анықтап, апаттың алдын алуға бағытталған айлықтар жиі өтіп, вагон қараушылар қырағылықты бұрынғыдан да күшейткен.  

Маңғыстау вагон депосының вагон қараушылары өткен жылы алты автотіркегіш құрылысының сынғанын, төрт рет букс торабының жылжығанын, бүйірлік раманың біреуіндегі қауіпті бұзылысты анықтаған еді. Соның ішінде былтыр 18 қазанда басталған бүйірлік рамаларға назар аудару айлығы аясында табылған ақаулықтардың  біреуін вагон қараушы Нұрлыбек Құрбанбаев анықтаса, биылғы бүйірлік ақауды «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» белгісінің бірнеше рет иегері Жанарбек Якупбаевтың назарына іліккен.  

Маңғыстау станциясындағы вагон қараушылар биыл да бірнеше қауіпті ақауды тауып, қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға үлес қосуда.  

– Менің ауысымымда сегіз жылдық еңбек тәжірибесі бар вагон қараушы Аманжол Абдрахманов сегізінші жолға тоқтаған 60802709 нөмірлі вагоннан ақау тапты. Вагон Түркіменстаннан Ресей бағытына кетіп бара жатқан. Ақау негізінен букс торабына жатады. Яғни подшипник бұзылған, сепаратор тұйықтағышы және ішкі сақина ернеуі де сынған, бүйірлік бекітуі бұзылған, тәрелке тығырықтың М20 бұрандамалары жұлынған екен. Мұндай ақаулықтармен вагонның қозғалысына мүлдем тыйым салынады. Дереу қажетті шарасы алынып, вагон Маңғыстау станциясындағы ағыту тұйығына жеткізілді,- дейді ауысым бастығы Ерлан Ереков.  

Маңғыстау станциясындағы ТҚКП тағы бір  вагон қараушысы Берік Дүйсенбаев жуырда түнгі ауысымда жүк пойызын күтіп алып, техникалық қызмет көрсету барысында құраманың соңындағы вагон доңғалақтарын тексеріп жүріп тосын дыбысты байқаған. Мұқият қарап, вагонның төртінші жұп доңғалағынан букстың сынғанын анықтайды.    

– Жолдан келген темір қызып келуі керек, бұл салқын жағдайда болды. Ұрып көрсем дыбысы жаңғырып кетті. Мұқият зер салсам лабиринтті сақинасы 20 миллиметрдей шығып тұр. Букстың бақылау қақпағын ашып қарағанда ішіндегі болты сынған, майы қарайып, басқа да кемшіліктері көрінді. Біраз жылдан бері осы жұмыста жүргендіктен темірді соққанда қандай дыбыс береді, қай бөлшек қалай тұрады, бәрін жаттап алғанбыз, – дейді 21 жылдық еңбек өтілі бар, бұған дейін бірнеше рет қозғалыс қауіпсіздігіне қосқан үлесі үшін арнайы сыйақы да алған, «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» белгісімен марапатталған вагон қараушы.    

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда