Бурылдың станция кезекшісі

Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Біз келгенде пультта отырған станция кезекшісі Айман Нұрханова ішкі желіге жалғанған телефон арқылы Тараздың іргесіндегі Бурыл станциясынан кезекті жүк пойыздарын жөнелту уақытын хабарлап жатты.  

Бір көзі станция басындағы жолдар шиырланған электрондық таблода. Әрбір қозғалысты көз айырмай қадағалап отыр. Уақыт түске қарай таяп қалғанына қарамастан, жұмыс қарқыны бәсеңдер емес. Кезекшінің қолы қалт етер сәтін күтіп біраз отырдық.

Айман Сатарқызының «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі» филиалына қарасты Бурыл станциясында еңбек етіп келе жатқанынан 40 жылдан асыпты. Қазір Тараз көлік және коммуникация колледжі аталатын бұрынғы теміржол училищесінде оқып жүргенінде өндірістік практикадан өтуге келіп осында қалып қойыпты. Еңбек кітапшасына оқу орнындағы білім алған 3 жыл қоса жазылып, бәрін есептегенде, теміржолдағы тәжірибесі – 44 жыл.

– Ол кезде қазіргі колледжді ГПТУ-88 деп атайтын. Еліміздегі теміржол саласына кәсіптік білімі бар мамандар даярлайтын көне оқу орындарының бірі ғой. Оқуды 1983 жылы бітірдім, 6 ай өндірістік практикада осы станцияда өткенмін. Станция бастығы мінездеме бергенде, жолдаманы Бурылға беріңіздер деп жазып беріпті. Содан осында келіп, тұрақтап қалдым. Теміржол саласы өз таңдауым болған соң, аз уақытта жұмысымды жақсы көріп кеттім. Алдыңғы буыннан көп нәрсені үйрендік. Сексен-тоқсаныншы жылдарда жүктеме жоғары, жұмыс деген қарбаласып жататын. Станцияда 4 тақ және жұп санды жалпы 8 жол, 48 кірме тұйық жол бар, пультта сол жолдардың сызбасы көрініп тұрады. Соларды вагондармен қамтамасыз етеміз. Жүк вагондары өңдейтін және өңделмейтін деп бөлінеді. Өңделетіндерін пойыздан ажыратып аламыз, өңдеп оң және сол тұйық жолға бөліп сұрыптаймыз. Маневрлік жұмыстарды жүргіземіз. Сұрыпталғандарын Тараз, Шайқорық, Жаңатас станцияларына жөнелтуге дайындаймыз. Жұмыс уақыты күндізгі және кешкі тоғыздан басталады, 12 сағат. Түнгі ауысым бар, сағатқа қарамаймыз, түскі үзіліске уақыт берілмейді. Арасында қолымыз қалт еткенде жүрек жалғап аламыз, – дейді станция кезекшісі.

2-санаттағы жүк вагондарын сұрыптау станциясы Бурыл Тараз қаласындағы стратегиялық объектінің бірі саналады. Жалпы ұзындығы 1,5 шақырымды құрайтын станция жолдарын 2 мыңнан аса шағын және орта бизнес өкілдері пайдаланатындықтан, күндіз-түні толассыз жұмыс жүріп жатады.

Айман Нұрханова теміржолшылар әулетінен шыққан. Әкесі Сатар 40 жылдай машинист болып еңбек еткен. Ағасы жол дистанциясында қызмет атқарыпты, қазір зейнеткер. Қырық жылдан астам уақыт үздіксіз станция кезекшісі болып жұмыс істеп келе жатқан білікті маман 2019 жылы «Адал еңбегі үшін» медалімен марапатталыпты. Мамандығына адал жан «теміржолшылар әулетінен шыққан ұрпаққа «шаршадым, қажыдым» деген сөз жат. Өйткені олар жастайынан еңбекқорлықтың үлгісін көріп өседі» дейді.

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды