Маңғыстауға қыс кеш келді...

Аймақтар
07.03.2025, 09:01
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл Маңғыстауға қыс көктем жақындағанда келді. Желтоқсан мен қаңтарда түспеген қар ақпанның соңы мен наурыздың басында жауып, қала мен даланы ақ ұлпаға орап тастады.

Бала-шаға қысымен күткен «ақ қонақпен» ойнап мәз-мейрам болса, арнайы қызметтер қар тазалаумен әбігерге түсті. Аймақ теміржолшылары пойыздар қозғалысына кедергі келтірмес үшін апта бойы жолдарды қардан тазартты.  

Маңғыстау жол дистанциясына қарасты 552,7 шақырым темір жолдың 129 шақырымы қар басуға бейім, яғни ойлы-қырлы аумақтарда орналасқан. Толассыз жауған қар әлсін-әлсін жол бойын көміп тастап жатты. Қар құрсауындағы жолдар мен стрелка бұрмаларын тазалауға жедел кіріскен дистанциялықтарға түбектегі басқа мекемелер де көмекке келді. Дистанцияның СМ-2, СДПМ қар тазалағыш техникалары да іске қосылып, соңғы онкүндікте желі бойында жұмыс істеді.  

– Қардың қалың түсуіне байланысты жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында күн-түн демей, демалыс күндеріне қарамастан еңбек еттік. 19 ақпан мен 5 наурыз аралығында оқтын-оқтын жауған қармен күрес жұмысына тек түнгі кезекшілік пен демалыс күндерін қосқанда 1241 адам жұмылдырылды. Күндізгі ауысымдағы жұмысшылардың еңбегі әрине өз алдына. Белгі беру және байланыс, электрмен жабдықтау дистанциялары мен қалпына келтіру және өрт сөндіру пойызының жұмысшылары бізге көмекке келді, – дейді Маңғыстау жол дистанциясының бас инженері Марлен Көктеубаев.  

2-3 наурыз күндері желдің жылдамдығы жоғары болғандықтан қар тазалау жұмысы қиындай түсті. Ұйытқып соққан желмен қар борап, тазаланған жолды қайтадан жауып тастап жатты. Дегенмен жұмыла жасаған жұмыстың арқасында жолдар дер кезінде қардан тазартылып отырды.  

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің басшысы Нұрлыбай Қисаевтың айтуынша, қар мәселесіне орай бөлімше басшылығы шұғыл шешім шығарып, жол дистанцияларынан өзге мекемелерден де арнайы кезекшіліктер ұйымдастырған. Қармен күрес жұмыстарына да барлық мекемеден адамдар тартылған. Маңғыстау жол дистанциясының СДПМ техникасы Бейнеуге көмекке барып, №9 Бекет – Сайөтес станциясы аралығынан 30 шақырым жолды қардан тазартқан. Бүгінде түбек теміржолында қармен байланысты ешқандай мәселе жоқ, пойыздар кедергісіз жүріп жатыр.  

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға