Маңғыстаулық нәзікжандылар марапатталды

Аймақтар
13.03.2025, 11:13
Суретті түсірген Александр Жабчук
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстаулық нәзікжандар «Үздік жүк тасымалдаушы», «Үздік байланысшы» атанды. Бұл марапатты олар халықаралық әйел-қыздар мерекесіне орай Астана қаласында ұлттық компанияның қыз-келіншектер құрметіне ұйымдастырған кездесуде ҚТЖ президентінің қолынан алды.  

Марапатталушыларды жергілікті теміржолшылар теміржол вокзалынан қарсы алып, құрмет-қошеметке бөледі. Соның бірі талай жылдан бері түбек теміржолының тасымалдау саласына еңбегі сіңген Айтгүл Демешова болса, екіншісі байланыс және белгі беру дистанциясынан Зағипа Дауқараева апамыз.

Бейнеу станциясында жүк пойызын қабылдап тапсырушы Айтгүл Нұрғалиқызы темір жолдағы еңбек жолын 2003 жыл бастапты. Ол Бейнеу станциясында қызмет етсе де күнде бірнеше шақырым жердегі Өзбекстанның аумағында тұрған Қарақалпақстан станциясына барып, сол жерде көрші жақтан келген пойыздарды қабылдап, елден шығып жатқан пойыздарды тапсыру міндетін атқарады.  Өзі Қарақалпақстанда туып, балалығы Оазис бекетінде өткендіктен қос елдің теміржолшыларын көре жүріп мамандыққа махаббаты ерте оянған екен. Теміржолшының формасына жастайынан қызықса да өсе келе анасының арманын жүзеге асыру үшін ақ халатты киюіне тура келеді.  Ананың тілін алған кем болмас деп болжаған бойжеткен мектеп бітіріп медицина бағытында білім алып, дипломымен жұмысқа орналасады. Бірақ бәрібір балалықтан аңсары ауған теміржолшы мамандығына бүйрегі бұрып, Бейнеу теміржолынан бір-ақ шығады. Содан жиырма үш жылға жуық осы салада, өзіне тапсырылған міндетті атқару үшін күнде Қазақстан-Өзбекстан арасында қатынап, жүк тасымалына қызмет етіп жүр.  

«Үздік байланысшы» атанған келесі кейіпкеріміз Зағипа Базарбайқызының да Маңғыстау теміржолына еңбегі сіңген. Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясына отыз жылдан көп уақытын сарп еткен ол алғаш рет 1990 жылы Ақтөбедегі теміржол техникумында оқып жүрген кезінде тәжірибеден өтуге келеді. Көп өтпей оқуын бітірген жас маманды түбек теміржолы жұмысқа қабылдайды. Дистанцияда жас маманнан «бас маманға» айналғанша талай қиын-қыстау күндерді жеңіп, шыңдала түседі. Дистанцияның бас мекемесінде және өзі туып-өскен бұрыңғы №10, қазіргі Боздақ бекетінде электромонтер, электромеханик, диспетчер болып, бірнеше сатыдан өтеді. Бүгінде байланыс электромеханигі.

«Теміржолшыға немере, қыз, жар болдым. Теміржол бекетінде атам жолшы болса, әкем ЭЧ мекемесінде, анам теміржолдың жылыту қазандығында еңбек етті. №10 бекетте өскендіктен маған ең жақсы таныс мамандық – теміржолшы еді. Бізге онан басқа кәсіптер қызық та, соншалықты белгілі де емес еді.  Мен сияқты қос інім де теміржолға келді, олар қазір жол дистанциясында. Өмірлік серігім де жол дистанциясында жұмыс істейтін, ол кісі баламыздың алды бесте, кішісі бір жаста кезінде өмірден өтті. Содан бері сүйенерім, жұбанышым – мамандығым, жұмысым. Шүкір соның арқасында балаларымды жеткіздім, қазір немере-жиендерім бар.  

Марапат мерейді өсіреді демекші, біздің еңбегімізді елеп, бағалап  жатқанына ризамын. Бұл бізге ғана берілген марапат емес, жастардың да аянбай еңбек етуіне түрткі болатын, еңбектің еш кетпейтінін білдіретін көзқарас», - дейді Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясында байланыс жүйесін қамтамасыз етіп отырған кейіпкеріміз.

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл