Маңғыстаулық теміржолшылар Амал мейрамын атап өтті (Фото)

Аймақтар
14.03.2025, 14:24
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Рамазан айының жұма күніне тұспа-тұс келген биылғы Көрісу күні маңғыстаулықтар үшін әдеттегідей таңсәріден көрісіп, бір-біріне жылы лебізін білдіруден басталды.  

Кішілер жасы үлкендерге көрісе барып, аққа ауыз тиіп, көкке аман жеткеніне қуанып, бір-бірін жаңа жасымен құттықтады. «Жақсы сөз – жарым ырыс», дегендей айлардың және күндердің сұлтаны күнімен қатар келген Амал мейрамында  үлкендерден көбірек бата алып, алғыс естуге асықты.  

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі мен Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі Наурыз мейрамын осылай көтеріңкі көңіл-күйде бүгіннен бастап кетті. Барлығы ұлттық нақышта киінген, ұжымдағы татулық пен ауызбіршіліктің үлгісін паш етіп, Көрісу күнін көңілді қарсы алды.  

Жүк тасымалы бөлімшесі бастығы Нәжімеден Ғұбашов бастаған тағы бір топ теміржолшы Отпан таудағы дәстүрлі от жағу рәсіміне қатысты. Жыл сайын жалғасатын Отпандағы  Амал тойында жиналған жұртпен төс қағыстырып, қол алысып, амандық-саулық сұрасты. Жыл жақсылығымен, ырыс- несібесімен, жеміс-жеңісімен, береке-бірлігімен, тоқшылық- аманшылығымен келсін, деп бір-біріне келер жылға аман жетуді тіледі.

Еліміздің Түркіменстанмен шекарасындағы Болашақ станциясында тіпті ерекше тартымды көрісу болды. Болашақ станциясы бастығы Мақсат Нұрбековке ауылдағы балабақша бүлдіршіндері көрісіп келді. Ұлттық киімдерімен сәнденген балдырғандар "Жылыңыз құтты болсын" деп жетектесіп кіріп келгенде станцияда қуанбаған адам қалмады. Теміржолшылар балаларға бар жақсы тілегін арнап, тәттілер таратты.

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл