Бақытын Болашақтан тапқан

Аймақтар
04.04.2025, 08:50
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түбек темір жолының сонау қиырдағы Болашақ станциясында еңбек ететін Гүлмира Сыдықованы әріптестері зор құрметпен зейнетке шығарып салды.

Болашақ станциясы жаңадан ашылған 2011 жылдан бері жүк және багаж қабылдап-тапсырушы болып жұмыс істеп келе жатқан Гүлмира Сыдықованың құрметіне станция ұжымы арнайы басқосу ұйымдастырды. Салтанатты жиында алдымен сөз алған станция басшысы Мақсат Нұрбеков өзіне жүктелген міндетін кәсіби біліктілікпен адал атқарып, зейнет жасына жеткенше абыроймен еңбек еткен Гүлмира Қалдауқызының атына көп жылы сөз айтып, жаңа келген жастарды жұмысқа баулып, үйретіп, тәрбиелеп, ұстаздық еткен қызметін жоғары бағалады. Талай жылғы қызметіне ризашылық білдіріп, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі басшылығы мен кәсіподақ ұйымының Алғыс хаты мен марапатын табыс етті. Әріптестері мен шәкірттері де кезекпен сөз алып, сыйластықтары мен қимастықтарын қатар жеткізіп, құшағын гүлге толтырып, лайықты сый-сияпаттарын жасады.  

Гүлмира Қалдауқызы 1964 жылы Орал облысының Ақжайық ауданында дүниеге келген. Туған ауылы Базартөбе темір жолдан жырақта. Сондықтан базартөбеліктердің темір жолмен байланысы жоқ, өзімен өзі бірсарынды тірлігі қайнаған ауыл болыпты. Гүлмира апамыз мектеп бітірген соң Ақтау қаласында тұратын апасының үйіне келіп, сондағы мұнай мекемесіне жұмысқа орналасады. Кәсіпорынның жолдамасымен Мәскеу қаласындағы Губкин атындағы жоғары оқу орнына оқуға қабылданады. Сол жақта жүріп тұрмысқа шығып, балалы болып, біраз жыл елден жырақта өмір сүреді. Дегенмен туған жерге сағынышы басылмай, елге қайта оралады. 2002 жылы Маңғыстау темір жолына жүк және багаж қабылдап-тапсырушы болып жұмысқа орналасады. Маңғыстау, Ақтау порты станцияларында еңбек етеді. 2011 жылы Болашақ станциясы ашылғанда алғашқылар қатарында «тыңнан түрен салуға» аттанады.

– Болашақ станциясы ашылғасын осында ауыстым. Мұнда мені қызықтырған нәрсе – станцияның перспективасы, шетелдермен байланыс еді. Сонымен қатар барлық жағдайы жасалған баспанамен қамтылдым. Станция арқылы жүк тасымалы жылдан жылға жоғарылап келеді. Түрікменстан үстімен Иранға, Ауғанстанға өтетін жүк вагондарына қызмет көрсетеміз. Өз мамандығымды толықтай игеру үшін Қазақ қатынас жолдары университетінен жоғары білім алдым, – дейді бақытын Болашақтан тапқан, станцияның аға жүк және багаж қабылдап-тапсырушысы міндетінен зейнетке шыққан Г.Сыдықова.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда