Тараз көліктегі оқу орталығында ашық есік күні өтті

Аймақтар
10.04.2025, 10:43
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Тараз көліктегі оқу орталығында Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Ашық есік» күні өтті. Қаладағы көлік және коммуникация колледжінің студенттері орталықтың қызметімен танысып, болашақ кәсіптері жайлы жан-жақты мәлімет алды.  

Оқу орталығының директоры Лашынкүл Күзербаева болашақ теміржолшылар үшін бұл  іс-шараның маңызы зор екеніне тоқталып, оларға орталықтың негізгі атқаратын қызметі туралы айтып беріп, жұмыс жүйесімен таныстырды.  

– Бұл жастар диплом алып, маман атанғаннан кейін әрі қарайғы еңбек жолында осы оқу орталығына бірнеше мәрте оралып, біліктіліктерін арттыратын болады. Сондықтан біз студенттерге барлық оқу кабинетіндегі материалдық базаны таныстырып, сабаққа қатысып, процесті сезініп көрулеріне мүмкіндік жасадық, – дейді Лашынкүл Рахымқызы.  

Орталықта 17 оқу кабинеті, бір компьютерлік сынып бар. Кабинеттердің барлығы тиісті материалдық базамен жабдықталған. Компьютерлер қажетті ақпараттық жүйелерге қосылған. Тіпті 3Д жүйесінде жаттығу бағдарламасы да жүктелген. Осы жаттығу жүйесі арқылы машинистер сынақ тапсырып, тәжірибелерін шыңдай алады.  

Оқу орталығы мен колледж арасындағы ынтымақтастық пен бірлескен жұмыстың аясында ұйымдастырылған іс-шарадан студенттердің көріп, көкейге түйгені көп болды. Теміржол саласында талай жылдық тәжірибесі бар орталықтың білікті мұғалімдері жастарға жаңа жүйе, жаңа құрылымдар туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Орталықтың тәжірибелік полигонында шпалдардың, бағыттауыш  бұрмалардың, рельс бекітпелерінің орналасуын көрсетіп, олардың түрлерін айтып таныстырды. Мамандардың кәсіби шеберлігін көтеру мақсаттарын атап, теміржол саласының қауіпті аймақ екенін де естеріне салып өтті.  

Ашық есік күні дөңгелек үстел басында түйінделді. Тараптар теміржолшыларды даярлайтын кәсіптік колледж бен орталықтың өзара байланысын арттыра түсуге уағдаласты. Бірлескен жұмыстарды атқаруда белсенділік танытқан колледж директорының оқу-өндіріс жөніндегі орынбасары Жеңіс Тайбековке Алғыс хат табысталды.    

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты