Қарт түбектің қақпасы қайта түлемек

Аймақтар
18.04.2025, 08:54
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қарт түбектің теміржол қақпасы Маңғыстау вокзалы жаңаратын болды. Талай жылдан бері айтылып та, жазылып та жүрген мәселе оң шешімін табатын күн алыс емес. Күні кеше вокзалдың ескі ғимаратын сүріп, реконструкциялау жұмыстары басталды.

Осыдан шамамен алпыс жыл бұрын бой көтерген ескі вокзал ғимараты үш жүз адамға арналып салынған болса, енді түбек теміржолының вокзалы тәулігіне 3 мыңға жуық жолаушы қабылдап, өткізе алатын қауһарға ие болмақ.  

Облыс орталығына келетін жалғыз теміржол вокзалы осы болғандықтан күніне жеті қаладан келіп-кететін пойыздарды өткізетін көне ғимарат келген жолаушыларға лық толып, сыймауға айналған. Жауапты өкілдердің айтуынша, жаңадан салынатын вокзал ғимараты үш қабаттан тұрады. Онда кең жүк сақтау қоймалары, жайлы ана мен бала бөлмесі, күту залдарында ыстық пен салқынды реттейтін құрылғылар, тегін Wi-Fi желісі, т.т. сервистік қызметтердің барлық түрі көзделген.  

Құрылыс және реконструкциялау жұмыстары жылдың соңына дейін жүреді. Жаңғырту жұмыстарына 150-ге жуық адам тартылған.

– Облысымыз күннен-күнге көркейіп жатыр. Туризм саласы да қарқынды дамуда. Кешегі өткен ауқымды шараларда түбекке мыңдаған қонақ келді. Қазірдің өзінде тәулігіне екі мыңнан астам жолаушы келіп-кетеді. Алдағы уақытта тағы артуы мүмкін. Осының бәрін ескере отырып, вокзалды үлкейтуді жоспарладық. Үш қабатты зәулім ғимаратта вокзал шаруашылығынан бөлек тамақтанатын орындар, халыққа қолайлы болу үшін кондиционер, траволатор, эскалатор – барлығы болады, – деді бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев.  

Еске сала кетсек, аталған құрылыс жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес туризм саласын жандандыру мақсатында инфрақұрылымдық нысандарды дамыту бағытында қолға алынып отыр. Көлік министрлігінің мәліметінше, 125 теміржол вокзалы қайта жаңғыртудан өтеді. Соның қатарында реконструкциясы осы аптада басталып кеткен түбек вокзалы да бар. Бұған дейін Маңғыстау теміржол вокзалы кешенінің жалпы ауданы 763 шаршы метр болса, енді ол бірнеше есе ұлғаяды. Реконструкциялауға байланысты ҚТЖ теңгеріміндегі 2 гектарға жуық жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылып, кеңейту жұмыстары басталды. Ал жанындағы уақытша ғимаратқа жайғасқан вокзал әкімшілігі жұмысын бір сәтке де тоқтатпай жалғастыруда.  

Айта кетейік, Маңғыстау вокзалымен қоса биыл Бейнеу мен Шетпедегі вокзалдар да жөндеуден өтуі жоспарланған. Олардың да құрылысы жоспар бойынша жыл соңына дейін бітеді.

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға