Вокзалдар сенімгерлік басқаруға берілмек

Аймақтар
10.06.2025, 08:45
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл еліміздегі теміржол вокзалдары жаппай жаңарып-жаңғыруда. Соның қатарында Маңғыстау өңірінде де үш вокзалға реконструкция жасалатынын хабарлаған болатынбыз.

Жақында облыс әкімдігінде өткен басқосуда түбектегі жаңғыртылатын вокзалдар сенімгерлік басқаруға берілетіні белгілі болды. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен осы жиын барысында Маңғыстау, Бейнеу және Шетпе вокзалдарын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына сенімгерлік басқаруға беру мәселесі талқыланған.  

Маңғыстау вокзалында реконструкциялау жұмысы осы жылғы 14 сәуірден бастау алып, алдымен ескі вокзал ғимаратын сүру жұмыстары қолға алынған еді. Қазірге дейін құрылыстың 10 пайызы орындалған. Демонтаж кезеңі де аяқталуға таяу. Бұл вокзалдың ғимаратын сенімгерлік басқаруға беру жөнінде облыс әкімдігінің қаулысы шығып та қойған. Шетпе және Бейнеу вокзалдары әліге дейін аудандық жергілікті биліктің, нақтысы аудандық коммуналдық меншікте. Сондықтан облыс әкімі оларды да сенімгерлік басқаруға беру жұмысын жеделдетуді тапсырды.  

Вокзалдарды жаңғырту жобасы бойынша бұл нысандар енді бірнеше есеге дейін үлкейтілмек. Шетпе вокзалының ауданы бес, ал Бейнеу мен Маңғыстау вокзалының аумағы он есеге артады деп жоспарланған.

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға