Қызылорда станциясы жоспарды асыра орындады

Аймақтар
20.06.2025, 08:45
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда станциясының мамыр айындағы өндірістік көрсеткіштері көңіл көншітерлік. Станция теміржолшылары жоспарды межеден асыра орындап, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда да кемшілік тіркелмеген.

Қазіргі таңда станцияны тәжірибелі теміржолшы Қайрат Төрединов басқарады. Мамыр айының қорытындысына көз салсақ, 2614,8 вагондық жүк тиеу жоспары 2656 вагонға жеткізіліп, меже 102 пайызға орындалған. Ал тонна түрінде алсақ, 161 441 тонналық жоспардың орнына 178 320 тонна жүк тиеліп, 110 пайыздық нәтиже көрсеткен.  

– Теміржолшылардың қажырлы еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Салада ұзақ жыл еңбек еткен мамандар арнайы марапатталып, көптің қошеметіне бөленді. Атап айтқанда, 43 теміржолшы – он жылдық еңбегі үшін, 22 қызметкер-жиырма жылдық тәжірибесі үшін және 13 адам - отыз жылдан астам үздіксіз қызмет еткені үшін төсбелгімен марапатталды. Бұл – ұлттық компания тарапынан жұмысшы мамандығы жылы теміржолшыларға көрсетілген шынайы құрмет деп білеміз. Әріптестеріміздің еңбегі лайықты бағасын алып, ұжымға тың серпін, үлкен мотивация беріп отыр, – дейді станция бастығы Қайрат Төрединов.  

Қызылорда станциясы – тәртіп пен табыстың нақты көрінісі. Озат еңбек ұжымының абыройы бүкіл аймақ теміржолшы мерейі. Мамыр айында осындай құрметке бөленген қызылордалық ұйымшыл ұжым үшін алынбайтын қамал жоқ. Қауіпсіздік көрсеткіштері жоғары, маневрлік және пойыздық жұмыстар қатаң тәртіппен, барлық техникалық және еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуда.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда