Жұмысшыларды тасымалдайтын жаңа автобус пайдалануға берілді

Аймақтар
01.07.2025, 08:36
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жұмысшыларға қолайлы жағдай жасау арқылы еңбек өнімділігін арттыру – кез келген кәсіпорын үшін басты ұстаным болуы тиіс. Маңғыстау вагон депосының басшылығы үшін бұл баяғыдан қалыптасқан қағида. Биыл мекеме балансына су жаңа автобус алынып, жұмысшылардың жұмыс орнына қатынау мәселесі оң шешімін тауып, еңбек қорғауға тағы да елеулі қадам жасалды.

Маңғыстау вагон депосында жұмысшыларды тасымалдайтын көліктің жоқтығы көптен басшылықтың «бас ауруы» болғаны рас. Бұрындары жеке көлігі жоқтарға қаладан, басқа да жан жақтағы елдімекендерден Маңғыстау станциясында орналасқан депоға жұмысқа келу қиын болатын. Қазір бұл мәселе толық шешімін тапты деуге болады. Наурыз айында алынған арнайы автобус жұмысшыларды үйінен жұмысқа, жұмыс орнынан үйіне тасымалдайды. Деполықтар үшін бұл қолайлы да тиімді болып отыр. Ақтау қаласында тұратын вагон қараушы-жөндеуші Ерлан Көрпелиев осындай мүмкіндік жасаған басшылыққа барлық әріптестері атынан алғысын жеткізді. Бірнеше жылдан бері қала мен ауыл арасындағы қатынайтын қоғамдық көлікпен келіп-кетіп, қыстың суығы мен жаздың ыстығында жолда көлік күтіп, жаяу жүріп, автобустан автобусқа ауысып мініп, жұмыс орнына үлкен қиындықпен жететін оның қазір бұрынғыдай көп уақыты жолға кетпейді. Таңмен тұрып, жұмысқа келу үшін үйдегі біраз шаруаны қалдыруына да тура келмейді.  

– Қазір таңертең балаларыммен асықпай бірге таңғы ас ішемін. Ертелетіп тындыратын шаруалар болса, оны істеп тастауға да уақытым әбден жетеді. Содан соң үйдің қасына келетін автобусқа асықпай шығамын. Сағат 8:30 болғанда жұмыс орнына келіп, медициналық тексеруден өтіп, тоғызда өз міндетіме кірісемін. Бұрын таңмен таласа тұрып, бір-екі шақырым жаяу жүріп, қала мен ауыл аралық автобусқа Басқұдық ауылынан отыратынмын. Сол жерден станцияға қарай келетінмін немесе қаланың бәрін аралайтын бір автобустан екіншісіне ауысып, оларды күтуге көп уақыт кететін.  

Сөйтіп, асығып-аптығып, кешігіп қаламын ба деген уайыммен жұмысқа жетіп, медициналық тексеріске келгенде жүрегіміз тынымсыз соғып, кейбіреулердің қан қысымы да көтеріліп дегендей, қолайсыздық туындап жататын. Қазір бәрі жақсы, өзіміздің автобусымыз бар. Аусымнан кешкі сағат 21.00 де шықсақ та, үйімізге дейін жеткізіп тастайды. Түнгі уақытта такси ұстап, артық шығындалмаймыз. Күндіз көліктен көлікке ауысып, оны күтіп, көп уақыт жұмсамаймыз. Жалғыз біз емес, талай шалғайдағы теміржолшылар осындай көлікке қол жеткізіп игілігін көріп отырғанын естіп, көріп жүрміз. Жұмысшылардың жағдайын жасауға бетбұрыс жасап отырған ҚТЖ-ның саясатына дән ризамыз, алғысымыз шексіз, – дейді Маңғыстау вагон депосының ТҚКП вагон қараушы жөндеушісі Ерлан Көрпелиев.  

Бұл автобус келгелі депода жұмыс істейтін талай вагоншылардың жұмысқа келіп кетуі жеңілдеп, соның нәтижесінде жұмыс өнімділігі де арта түскен.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды