Бейнеудегі машинистердің демалыс үйі жаңа кейіпке енді

Аймақтар
08.07.2025, 13:42
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау локомотив пайдалану депосында машинистер үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Локомотив бригадаларына арналған төрт демалыс үйі бар. Биыл осыдан қырық жыл бұрын салынып пайдалануға берілген Бейнеудегі демалыс үйі күрделі жөндеуден өткізілді.  

Жаңғыртудан соң бес жұлдызды болмаса да кішігірім қонақүйге ұқсап құлпырып шыға келген демалыс үйі жақында қайта ашылып, машинистер игілігіне берілді.  

Екі қабатты демалыс үйін бұрынғысымен салыстыруға да келмейді,  айырмашылық жер мен көктей. Іші мен сырты толықтай жаңартылған. Локомотившілердің бос уақытында дұрыс демалып, жайлы да жағымды атмосферада ас-суын ішіп, физикалық һәм моральдық жағынан жақсы тынығуына барлық мүмкіндік жасалған. Бөлмелер жаңа жиһазбен жабдықталған. Асхана гарнитуры, мұздатқыш, электрлі плита, кір жуғыш машина, үтік, компьютер, кереует, киім шкафы мен тумбасы, үстел, кондиционер сияқты қажеттіліктермен толық қамтылған.  

Нысанда жалпы 16 бөлме, 34 орын бар. Онда тек қана маңғыстаулық бригада емес, Мақат депосынан келетін машинистер бригадасы да демалуы қарастырылған.  

Демалыс үйін күрделі жөндеуден кейін пайдалануға беру рәсіміне Астанадан «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Локомотив шаруашылығы бойынша бас директордың орынбасары Асан Үмбетов арнайы келіп, деполықтар қуанышына ортақтасты. Маңғыстау локомотив пайдалану депосының бастығы Ерболат Құсниязов ғимарат құрылысын сапалы бітірген құрылысшыларға алғыс айтты. «Жақсыны көрмек үшін» демекші, Бейнеу айналым депосының ұжымы, Мақат локомотив депосы басшылығы, еңбек ардагерлері, жергілікті билік өкілдері, т.т. демалыс үйінің жаңа көркіне көзайым болғандар ризашылықтарын білдірді.  

 Жиын барысында күрделі жөндеуді жүргізген «Нұрболат» ЖШС өкілдерінің атына да жылы сөздер айтылып, құрылысқа атсалысқандар Алғыс хатпен марапатталды. Аталған мекемемен осы жылдың ақпан айында келісімшарт жасалып, күрделі жөндеу жұмыстары басталған еді. Құрылыс уақытылы аяқталып, маусым айының аяғында толық бітіріп беріп отыр.  

Орайы келгенде атап кетсек, Маңғыстау локомотив пайдалану депосында бұдан басқа тағы да үш станцияда локомотив бригадаларының демалыс үйі қызмет көрсетеді. Олар Жаңаөзен, СайӨтес пен Маңғыстау станцияларында орналасқан.  

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды