Қазақстандық жолсеріктер Deutsche Bahn тәжірибесін үйренуде

Аймақтар
14.07.2025, 12:24
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Жолаушылар тасымалы» АҚ вагондардағы сервистік қызмет көрсету сапасын арттыруда әлемдік тәжірибеге сүйенуді жалғастырады. Қазақстандық жолсеріктер Германияның ұлттық тасымалдаушы Deutsche Bahn компаниясының шеберлік сағатына қатысты.    

Ұлттық тасымалаушы соңғы жылдары германиялық Deutsche Bahn компаниясымен серіктестікті арттырып, бірнеше жобаларды бірлесе атқаруда. Ең басты мақсат – клиентке мойын бұру. Оның ішінде операциялық тиімділік, маркетинг пен сатылым, жылжымалы құрамды дамыту жобалары бар. Бұл бағытта компания қызметкерлері мен жолсеріктер арасында методикалық және практикалық семинар- тренингтер жиі өтеді. Кезекті оқыту семинары Ақтөбеде өтті. Жолаушыға қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған семинарға «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты Батыс аймақтық филиалының жолсеріктері қатысты.  

«Әр жолаушы назарда болу керек. Сапар барысында клиентті ести алу маңызды. Қажеттілікке, сұранысқа сай бағдарлай білу үйлесімді болса, қызмет сапасы да жүйелі деген сөз. Әлеуметтік қажеттілігі әртүрлі адамдармен жұмыс істегенде үнемі өзгерістер мен толықтырулардың болуы заңдылық. Бүгінгі семинар осы тақырыпты қамтыды. Жолаушылар тасымалы қызметі стандартындағы өзгерістер. Бізде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен арада бірлескен жобалар аз емес. Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларында түрлі форматта кездесулер өтті.  Қазақстандық әріптестеріміз тарапынан көптеген қызықты ұсыныстар естідік. Интерактивті материалдар арқылы маңызды ақпараттар мен бөлістік, бұл жұмыс барысында тиімді деп ойлаймыз», – деді эксперт Ирина Балзер.

Сонымен қатар, семинарда Deutsche Bahn компаниясының серіктесі Фредерик Энандер аудармашы арқылы баяндама оқыды. Ол сервисті жақсарту үшін енгізілетін озық идеялар қарапайым ұсыныстардың арасында болатынын айтты. Жолаушының қажеттілігіне, сұрақтарына мән бере білу кері байланысты нығайтып, дамуды көрсететіні сөз болды.  

Сонымен қатар билеттерді онлайн сатуды жетілдіру, әлеуметтік маңызды пойыздардағы мүмкіндігі шектеулі жолаушылар вагонға кіргеннен шыққанға дейін ерекше назармен қызмет көрсету қажеттілігі айтылды.  

«Бүгін әріптестеріміз негізгі стандартқа енгізілген өзгерістермен танысты. Бес учаскеден басшылық құрам, жолсеріктер келді. Өздерінің сұрақтарын қойды. Ашық диалог болды. Ерекше қажеттілігі бар жолаушылармен қарым-қатынас туралы детальді түсіндірулер болды. Көзі нашар көретіндер, орнынан қозғала алмайтын мүгедектігі бар жолаушыларға қалай қызмет көрсетілу керек екені түсіндірілді», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Батыс аймақтық филиалының басшысы Ердәулет Сейтқазинов.  

Семинар барысында тәжірибе алмасумен қатар күйзеліске төзімділік, жолаушымен қарапайым байланысқа келу, жанжалды басқара білу шеберлігі, коммунакация ерекшеліктері айтылды. Интерактивті тақтада көрсетілген шеберлік сағатының материалдарын қатысушылар суретке түсіріп алып отырды. Семинарға қатысқандарға арнайы сертификат берілді.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті