Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Аймақтар
25.07.2025, 09:10
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Биыл теміржол саласының нысандарын, оның ішінде талай жыл жөндеу көрмей тозығы жеткен теміржол вокзалдарын заманауи сұраныстарға сай қайта жабдықтау, жаңарту-жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы бағытта Мағыстаудың Бейнеу станциясында жүріп жатқан ауқымды жұмыстарға жан-жақтан теміржолшылар көмекке барып, асарлатып жатқан жайы бар.

Вокзалда жүріп жатқан күрделі реконструкциялау-жөндеу жұмыстары барысында ескі ғимараттың ішінде орналасқан СОБ қондырғыларын жана ғимаратқа көшіру үшін жан-жақтан келген арнайы мамандар көмекке жұмылдырылған. Соның ішінде Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының тәжірибелі мамандары да аталған іске бір кісідей атсалысуда. Дистанция электромеханиктері Нұрлан Жәнібеков пен Жанарыс Атаханов үшін бұл тек кезекті іссапар емес, жан-жақтан жиналған әріптестер арасындағы өзара тәжірибе алмасу болды. Өйткені белгі беру және байланыс құрылғыларына күрделі монтаждау және қайта құру жұмыстарын жүргізіп, ескі ғимараттан жаңа орынға көшіру оңай шаруа емес екені екібастан белгілі. Сондықтан бұл жұмысқа ШЧ-лардың ең тәжірибелі деген мамандары шақырылған. Олар теория мен практиканы ұштастыра отырып, электрлік сызбаларды қалпына келтіру, кабель төсеу, дәнекерлеу мен монтаждау секілді жауапты жұмыстарды мінсіз орындап шықты.  

– Бейнеу станциясында ауқымды жұмыс атқарылуда. «Жұмыла көтереген жүк жеңіл» демекші, маңғыстаулықтарға жан-жақтан келген әріптестер көмектесіп жатырмыз. Вокзалды жаңарту барысында бұрынғы ғимараттағы СОБ құрылғылары жаңа орынға көшіріліп жатыр. Жобаға сәйкес кабель төсеу, пайка жасау, схемаларды қалпына келтіру секілді жұмыстар аса мұқият әрі сауатты атқаруды қажет етеді. Біз осы жұмысқа өз үлесімізді қосып, маңғыстаулық әріптестерге қол ұшын созғандар қатарында болғанымызға қуаныштымыз, – дейді Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының инженері Нұрлан Жәнібеков.

Электромеханик – аса ептілік пен дәлдікті талап ететін күрделі кәсіп иесі. Бұл тұрғыда қызылордалықтар арасында сызба мен схемаларды жетік танитын, әрбір істі жоғары жауапкершілікпен орындайтын тәжірибелі электромеханиктер аз емес. Олар үшін әр сымды жалғау – жай ғана механикалық жұмыс емес, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізі. Сондықтан олар республикамыздың әр өңірінде өтетін техникалық жобаларға жиі шақырылады.  

Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады
Жаңалықтар / Мұрағат
04.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №60-61 04 тамыз 2026 жыл