Маңғыстау магистральдық желісінде 17 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Аймақтар
29.07.2025, 09:02
Оқуға 2 мин
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты бірқатар нысан жаңартылады. Қазір бөлімше бойынша жер-жерде түрлі мақсатта қолданылып жүрген ғимараттар ағымдық жөндеуден өткізіліп жатыр.

Бөлімше аумағындағы 17 ғимаратты ағымдық жөндеуден өткізу межесі бар. Бүгінде 11 ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қалған алты ғимараттағы қажетті жұмыстар жөндеуші мекемемен келісімшарт жасақталып, тиісті құжаттар дайындалғаннан кейін басталады деп күтілуде.  

Оған қоса биылғы сәуір-маусым айларында бөлімшеде жұмысшылар игілігі үшін модульдік типтегі 4 нысан орнатылып, төртеуі де қолданысқа берілді. Олар Бейнеу жол дистанциясы бойынша Ноғайды және Маңғыстау жол дистанциясынан Жаңаөзен, Шетпе станциясы мен Боздақ бекеттеріне қойылған.  

Бұл туралы ақпарат берген бөлімшенің ғимараттар мен инженерлік жүйе бөлімінің басшысы Нұржан Мүсірхановтың айтуынша, 17 нысанның үшеуі Бейнеу жол дистанциясы, алтауы Маңғыстау жол дистанциясы, қалғаны Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясына тиесілі өндірістік-шаруашылық мақсатта қолданылатын ғимараттар.  

– Биылғы жөнделетін нысандар қатарына Бейнеу жол дистанциясына қарасты гаражды, Сайөтестегі гараждың қоршауы мен қойма үйін алып отырмыз. Бұл жөндеу тізіміне Маңғыстау жол дистанциясына қарасты нысандардан Қарақия және Жетібай станцияларында жұмысшылардың табельдік ғимараттары мен Жаңаөзен, Қарақия, Жетібайдағы гараждар да енген. Болашақ станциясында орналасқан локомотив бригадасының демалыс үйі де ағымдық жөндеуден өтеді.  

Сонымен қатар Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясына қарасты нысандардан да біразы жаңартылады. Сайөтес, Үстірттегі байланыс үйі мен Күйкен және №3, 7, 15 бекеттердегі посттар, Маңғыстау станциясында орналасқан радиоцех пен механикалық шеберхана ғимараттарына да ағымдық жөндеу жүргізіледі. Аталған жөндеу кезінде нысандардағы есік-терезесі, едені, шатыры түгел ауыстырылады. Ішкі және сыртқы қабырғалары аршылып, қайтадан сыланады. Жылыту және тоқ жүйесі ауыстырылады. Жаңа үлгідегі электр жүйесіне қосылған қақпалар қондырылады. Өзге де қажетті жұмыстары істеліп, ғимараттар толықтай жаңартылады, – деп жанжақты ақпар берді Нұржан Мүсірханов.  

Естуімізше, бұл нысандар жетпіс-сексенінші жылдары салыныпты. Содан бері жеңіл-желпі сыланып, сырланғанымен толықтай ағымдық жөндеуден өтпеген. Сол үшін қазір ғимараттардың қаңқасына дейін аршылып, қайтадан сыланып, шатыры қайта салынып, түбегейлі жаңарту қарастырылған. Жалпы, аймақта нысандарды жаңарту жұмыстары 2023 жылдан бері жалғасып жатыр. Келесі жылы тағы да отыз шақты нысанға жөндеу жүргізу жоспарда тұр. Қазір олардың «тағдыры» талқыға салынып, ақаулық акті жасақталуда.

 

Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет