Қызылорда теміржолына 120 жыл

Аймақтар
03.08.2025, 21:12
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Тамыз айының алғашқы жексенбісі еліміз бойынша Теміржол көлігі қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтеді. Бұл теміржолшылардың қажырлы еңбегіне көрсетілетін зор құрметтің, кәсіпке деген тағзымның белгісі. Биыл бұл атаулы күн Қызылорда өңірі үшін ерекше мәнге ие болды. Себебі, Қызылорда жол дистанциясы мен Қызылорда теміржол вокзалының құрылғанына 120 жыл толып отыр. Бұған дейін Қазалы жол дистанциясының 120 жылдығын атап өтіп келген теміржолшылар салтанаты облыстық мәдениет үйі өнерпаздарының ән шашуымен, күмбірлеген қобыздың үнімен басталды.

Осы тарихи мерейтой мен кәсіби мерекеге орай облыс орталығындағы Мәдениет сарайында салтанатты шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиынға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры Ербол Сәулебеков, «Жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының директоры Батырхан Базарбаев, Қызылорда жол дистанциясының бастығы Марат Оңалов, Қызылорда вокзалының бастығы Жарас Қойшығұлов, сондай-ақ «Аманат» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, сала ардагерлері мен теміржолшылар қатысты.

120 жылдық мерзім бұл – тек өткеннің мерекесі емес, ұрпақ сабақтастығының нышаны. Мерекелік жиында алғашқы болып сөз сөйлеген Ербол Сәулебеков пен Батырхан Базарбаев ұжымды айтулы күнмен құттықтап, теміржолшылардың мемлекет үшін атқарып отырған еңбегін ерекше атап өтті. Олар сала мамандарының табандылығы мен жауапкершілігіне алғыс білдіріп, еңбектің лайықты бағалануы тұрақты қолдау мен құрметтің белгісі екенін жеткізді.

Салтанатты шарада сөз алған «Аманат» партиясының облыстық филиал төрағасы Алмасбек Есмаханов та теміржолшылардың ел дамуына қосқан үлесіне тоқталып, ардагерлер мен жас буынға ізгі тілегін білдіріп марапатын ұсынды.

Ал Қызылорда жол дистанциясының бастығы Марат Оңалов өз сөзінде: - Теміржолшы кәсібінің тарихына тағзым ету – бүгінгі еңбек етіп жүрген әріптестерімізге көрсетілген зор құрмет. Биыл дистанциямыздың 120 жылдығымен тұспа-тұс келген кәсіби мерекеміз әр теміржолшының маңдай тері мен қажырлы еңбегінің шынайы бағасы іспеттес. Бұл күн – біз үшін мақтаныш, мәртебе, әрі жауапкершілік. Барша сала ардагерлері мен қазіргі мамандарды мерекемен шын жүректен құттықтаймын, - деді.

Мереке аясында салада ұзақ жылдар бойы адал қызмет етіп, ұрпаққа үлгі болған бірқатар ардагерлер мен қызметкерлерге Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның түрлі деңгейдегі марапаттары, соның ішінде «Қызылорда жол дистанциясына – 120 жыл» мерекелік төсбелгілері табысталды.

Марапатталған ардагерлер мен қызметкерлер қатарында Әбдиев Дүйсембай, Рзаев Оразбек, Мяктова Галина, Тілеулиев Қожабай, Есенбекова Айнакүл, Тәжімұратов Досжан, Жаналиева Хамиля, Досығұлов Зарип,Омарова Пердегүл, Қауғанбаева Күләйша, Бақтыбаева Кенжегүл, Әбназарова Жібек, Қошанова Әсел, Аманқұлова Гүлнұр, Орынбасарұлы Марат, Кәмила Кенжебек және өзге де 50-ге жуық еңбек озаты құрметке бөленді.

Сонымен қатар, Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» жол құрылысы департаментінің директоры Қанат Базилов пен вокзал шаруашылығы жөніндегі директор орынбасары Абай Сәбитұлының Алғыс хаттарын алған қызметкерлер үшін бұл үлкен мәртебе болды.

Мерекелік шарада сөз сөйлеген Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Сәулебеков: «Теміржолшылардың кәсіби мерекесі бұл тек сала мамандары үшін ғана емес, ел экономикасы мен өмірінің күретамыры саналатын теміржол саласының маңызын айшықтайтын ерекше күн. Биылғы мейрамның тағы бір ерекшелігі –Қызылорда жол дистанциясы мен теміржол вокзалының 120 жылдық торқалы тойымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл ғасырдан астам тарихы бар сала мен оның майталмандарын ұлықтайтын зор мереке. Барша әріптестерімді осынау айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Темірдей тәртіп пен табандылықты ту еткен барша жолдастарымның еңбегі бағаланып, абыройлары арта берсін», - деді.

Сыр елінің экономикасы мен әлеуметтік тыныс-тіршілігінің күретамырына айналған Қызылорда теміржолының 120 жылдық шежіресі бұл тек бір саланың ғана емес, бүтін бір ұлттың еңбек жолындағы үлгілі парағы. Осы салада қызмет еткен және етіп жүрген азаматтарға көрсетілген бүгінгі құрмет адал еңбектің, төгілген маңдай тердің еленуі.

Мерекелік жиыннан кейін қатысушылар арасында жылы лебіздер мен ықыласқа толы сәттер орын алып, бұл күн сырбойылық теміржолшылар үшін тарихи әрі ерекше қуанышты күн ретінде есте қалды.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда