Шиелі станциясы – жүк айналымның өзегі

Аймақтар
18.08.2025, 16:52
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда ЖТ бөлімшесінің оңтүстігіндегі Шиелі станция сының теміржол тасымалын дағы стратегиялық маңызы зор. Мұндағы жүк тиеу және түсіру көлемі ғана емес, пойыз қозғалысының қауіпсіздігі мен өндірістік үдерістердің тиімділігі де жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

Оның бір себебі – байырғы бекетте кіл кәсіби мамандар шоғырланған десек, әсте артық айтпаймыз. Станция кезекшілері, пойыз құрастырушылар, вагон құжаттарын рәсімдеуші операторлар және тасымал құжаттарын ресімдейтін кассирлердің сауатты да үйлесімді жұмысының нәти жесінде жүк тасымалында ешбір кідірісті болдырмай, вагондарды межелі нүктеге уақытылы жеткізуде. Сонымен қатар жүк жөнелтуші мен жүк қабылдаушы клиент термен тығыз байланыс орнату табысты тасымал кепілі болып отыр.

– Станцияға келетін әр вагон үшін жө нелту станциясынан бастап маршрут тық бағдарлама алдын ала нақты бел гіленіп, вагон ағыны мен айналымы қатаң бақылауда болады. Әрбір жүк вагонын қабылдап алғаннан бастап тиеу, түсіру, маневрлік операцияларға дейінгі ара лықта логистикалық дәлдік пен уақыттық тәртіп қатаң сақталады. Бұл біздің жұмы сымыздың тиімділігін арттырады, – дейді станция бастығының орынбасары Нұрғали Әбжапбаров.

Шиелі станциясының жұмысы оның ай наласында шоғырланған өндіріс орындары мен кәсіпорындардың белсенділігімен тығыз байланысты. Аймақтағы Цемент зауыты, «Қазатомөнеркәсіп» құрамындағы РУ-6 серіктестігіне қарасты мекемелер, тау-кен және құрылыс материалдарын өндіретін серіктестіктер, сондай-ақ бірнеше жеке кәсіпкерлер Шиелі станциясының қызметін тұрақты пайдаланып, жүк айналымын арттыруға үлестерін қосуда.  

Станцияның 2025 жылдың алғашқы алты айындағы өндірістік көрсеткіштері – жоғары еңбек өнімділігінің айқын дәлелі. Алты ай ішінде жүк тиеу жоспары 2570 вагон болса, нақты 2944 вагонға немесе 205 261 тонна жүк тиеліп, жоспар 115 пайызға орындалған. Жүк түсіру көр сеткіші де 7350 вагон жоспармен 8136 вагонға жетіп, межеден 111 пайызға асыра орындалды. Бұл ай сайын орта есеппен 500 вагоннан кем емес жүк операциясы жүзеге асырылып отырғанын білдіреді. Ал жеті айдың қорытындысында жүк тиеу жоспары 3307 вагон болып бекітілсе, іс жүзінде 3536 вагонға жүк тиелген. Ал жүк түсіру жұмыстары бойынша 9000 ва гонның орнына 10 180 вагон жүк түсіріліп, меже толықтай артығымен орындалған.  

– Жұмысқа кіріспес бұрын жұмысшының жалпы жағдайы, денсаулығы тексеріледі. Өйткені темір жол – аса қауіпті аймақ. Мұндағы кез келген сәтсіздік үлкен қауіпке әкелуі мүмкін. Сондықтан жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, техника қауіпсіздігін сақтау, кәсіби тәртіпке бағы ну – біздің басты ұстанымымыз, – дейді Нұрғали Әбжапбаров.  

Шиелілік теміржолшылар логистика процесін оңтайландырып, әрбір клиент тің талабына сай сапалы қызмет көрсету міндет деп біледі. Қазіргі таңда станцияда жүк ағынын арттыру, клиент тарту, пойыз айналымын тиімді басқару және техника лық жарақтандыруды жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.  

Жолаушылар тасымалы
10.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы Алматы бағытында миллионға жуық жолаушы тасымалдады
Аймақтар
10.07.2026
Теміртау вокзалында жолаушылар платформасын жаңғырту жұмыстары аяқталды
Аймақтар
10.07.2026
Құсмұрын станциясында "Қауіпсіз өткел" акциясы өтті
Жүк тасымалы
10.07.2026
Вагон өндірісінен экспортқа дейін: «Қазтеміртранс» жоспары
Сұхбат
10.07.2026
Жүк тасымалы – экономиканың сенімді даму бағыты
ҚТЖ келбеті
10.07.2026
Сайөтесте вагон қараушы апатқа жол бермеді
Жаңалықтар
10.07.2026
ҚТЖ-да жас мамандарға арналған тәлімгерлік жүйе қайта жандануда
Қауіпсіздік
10.07.2026
Өткелден өтудің өз ережесі бар
Жаңалықтар
10.07.2026
Қазақстанның транзиттік әлеуеті халықаралық деректі фильмде көрсетілді
Қауіпсіздік
10.07.2026
Қауіпті аймақта қатер көп...
Жаңалықтар / Мұрағат
10.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №52 10 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ теміржол бағыттамаларын жоспарлы түрде жаңартып жатыр
Әлемде
09.07.2026
Ұлыбританияда алғашқы экологиялық таза вокзал ашылды
Жүк тасымалы
09.07.2026
Қысқа дайындық: ҚТЖ көмір тасымалдайтын вагондарды жаппай әзірлеуде
Жаңалықтар
09.07.2026
Елімізде астық экспорты 13%-ға артты
Аймақтар
09.07.2026
«Сарыағаш» теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары тамыз айында аяқталады
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ паркі маусым айында 50 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.07.2026
Алматы-1 теміржол вокзалын қайта құруға 500-ден астам жұмысшы тартылды
Әлемде
08.07.2026
Армения Түркия және Әзербайжан шекараларына апаратын теміржол желілерін қалпына келтіре бастады
Жаңалықтар
08.07.2026
Тәртіп сақшылары балаларды теміржол бойында абай болуға шақырды