Қалпына келтіру пойызы – теміржол жұмыстарының сенімді серігі

Аймақтар
05.09.2025, 09:15
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жыл басынан бері Маңғыстау темір жолында қалпына келтіруді қажет ететін апаттық жайттар тіркелмеген. Яғни бұл тұрғыдан қалпына келтіру пойызының қызметі қолданылмаған. Десе де, ҚКП қызметкерлері мен техникасы қарап отырған жоқ. Теміржол мекемелеріндегі біраз шаруаны атқаруға қатысқан.

Мекеме 26 рет келісімшарт бойынша түрлі станция-бекеттерге барып, әртүрлі жұмыстарды орындаған. Шетпе, Сайөтес, Маңғыстау, Қарақия, Жетібай станциялары мен №9, 15, 16 бекеттердің басында теміржол құрылысының қажетті жабдықтарын түсіру, ауыстыру, орнату, жүктеу сынды жұмыстарды істеген. Тарқатып айтар болсақ, Сайөтес станциясында теміржол үстімен өтетін көпірдің астын 30 сантиметрге көтеріп биіктеткен. Маңғыстау жол дистанциясына келген техниканы түсіріп, жөндеу жүріп жатқан телімдерінде бағыттамалық бұрмаларды ауыстыруға, темірбетонды шпалдарды вагоннан түсіруге қатысқан.  

Маңғыстау станциясында бірнеше рет бағыттамалық бұрманы аударып, ағаш шпалдарын түсірген. Шетпе станциясында да осы істі атқарып, келген модульдік үйшікті орналастыруға көмектескен. Қалпына келтіру пойызының техникалары вокзал шаруашылығына да қолғабыс еткен. Маңғыстау вокзалына келген брусчаткаларды Шымкентке қарай тиеп жөнелтуге атсалысқан. Басқа да бекет пен станцияларда шпал түсіру, бұрманы салу, аудару жұмыстарын жүргізген.  

– Қалпына келтіру пойызының қызметкерлері мен техникасы ай сайын келісімшарт негізінде атқаратын бірнеше жұмысқа шығады, әр жерде әртүрлі шаруаны атқарады. Одан басқа өзімізді сынап, жетілдіру мақсатында ұйымдастырылатын техникалық сабақтар да болады.  

Соңғы рет маусым айында кранның қатысуымен жоспардан тыс техникалық сабақ жүргіздік. Техникаларымызды уақытылы тексеруден өткіздік.  

Биыл бірнеше техника деполық және техникалық қызмет көрсетуден өтті. Қазір бізде екі кран, үш трактор, бір тартқыш техника (тягач) бар. Екі ескі вагонымызды жарамдылық мерзімі бітуіне орай ҚТЖ компаниясына қайта тапсырдық. Орнына қолданыста болған басқа вагон алдық. Бір вагонымыз Көкшетауда деполық жөндеуден, тракторымыз, ЕДК-1000/2 кранымыз жергілікті техникалық қызмет көрсетуден өткізілді. Тағы екі кранымызды Қандыағаштан келген ЖШС арнайы тексеріп, 2030 жылға дейін жұмысқа жарамды деген қорытындысын беріп кетті.  

Қазір мекеменің сырты жаңартылып, алдына брусчатка төселіп жатыр. Бокстардың да бірінің ішіне кафель жабыстырылып, іштері тегістеліп, сыланды, – дейді Маңғыстау қалпына келтіру пойызының бастығы Ербол Мүсірханов.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды