Жосалы–Түркістан телімінде жоспарлы жол күтімі жүргізілуде

Аймақтар
08.09.2025, 10:08
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда станциясының оңтүстік алқымында таңнан бері қызу тірлік. Үстеріне сары жилет киген жол жөндеуші мамандар рельс бойын бойлай, белгіленген телімдерге бөлініп жоспарлы жұмыстарын бастап кеткен. Әрқайсысы өзіне жүктелген міндетін кәсіби шеберлікпен орындап, темір жолдың ақаусыз қызмет атқаруына үлес қосуда.

Бұл Жосалы-Түркістан станциялары арасындағы теміржол телімінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін Қызылорда жол дистанциясының кезекті жол күтімі шарасы. Тәуліктік қозғалыс қарқыны жоғары бұл телімде жолдың техникалық жай-күйін тұрақты бақылауда ұстау басты міндет. Ағымдағы айлық комиссиялық тексеріс барысында анықталған кемшіліктерді уақтылы жою мақсатында бүгін дистанция жолшылары шұғыл әрекетке көшкен.

Жол күтімін үйлестіріп, жұмыстарды кәсіби тұрғыда бақылап жүрген жол шебері Мақсат Әбдіраманов атқарылып жатқан істің мән-жайымен бөлісті:

«Қазіргі таңда бригаданың тәжірибелі жөл жөндеушілері Берік Құрбанов, Сержан Жолдыбаев, Бақытбек Әбіловтермен бірге рельс бекітпесінің резеңке төсемелерін ауыстыру, бекітпе болттарының беріктігін тексеру, рельстің деңгейін өлшеу, түзулігін шаблонмен салыстыру, сондай-ақ тас төсемінің жай-күйін тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар арнайы технологиялық карта негізінде, белгіленген ретпен іске асады. Әрбір ақау өз шешімін табуы тиіс, себебі біз тек жол сапасын емес, пойыз қозғалысының қауіпсіздігін де қамтамасыз етеміз», - дейді ол.

Жол күтімінің бұл кезеңінде бағыттамалық бұрмалар аралығындағы бекітпелердің техникалық ахуалы жіті назарда. Жол шебері Мақсат Әбдіраманов әр рельс қосымының өлшемін арнайы өлшеу шаблоны арқылы тексеріп, талапқа сай болмаған жағдайда бірден тиісті тапсырма беріп отырады.

Жол күтімі тек көзбен шолумен шектелмейді. Рельстің көлденең және тік бағыттағы деңгейі, рельс аралықтарының дәлдігі, ұзындық бойынша түзулігі, сондай-ақ тас төсемінің тығыздығы мен біркелкілігі арнайы құралдар көмегімен тексеріледі. Бұл жүк және жолаушылар пойыздарының телімнен қауіпсіз өтуіне тікелей әсер ететін маңызды факторлар.

Мамандардың айтуынша, рельс бекітпелері мен резеңке төсемдердің тозуы, болттардың босауы немесе қиыршық тастың шөгуі секілді табиғи факторлар уақыт өте келе жолдың жағдайына әсер етеді. Сондықтан, алдын ала күтім жасап, «жөндеу-орнына келтіру жұмыстары» арқылы ол ақаулар дер кезінде жойылады.

Жол дистанциясының бұл жұмыстары кездейсоқ ұйымдастырылған шара емес, керісінше жол шаруашылығын жүргізу ережесіне сай тұрақты түрде атқарылатын дәстүрлі процесс. Теміржолшылар қауымы, соның ішінде жол жөндеуші бригада мүшелері, өз кәсібіне адал. Бір қарағаннан жолдың ахуалын бағамдай алатын тәжірибелі мамандар ақауды анықтап қана қоймай, оны технологиялық регламентке сай жедел қалпына келтіруді де жақсы меңгеріпті.

«Біз үшін басты мақсат – пойыз қозғалысының қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету. Қызметіміздің сапасы соған тікелей байланысты. Әр сапалы орындалған күтім жұмысы жүздеген адамның сапарын, мыңдаған тонна жүктің діттеген жеріне аман жетуінің кепілі. Сондықтан барлығымыз бір кісідей жұмыла жұмыс істейміз», -дейді жол шебері.

Қызылордалық жолшылардың бұл еңбегі көрінбейтін, бірақ аса маңызды міндеттің жарқын көрінісі. Теміржол бойындағы әрбір рельс, әр бекітпе, төсемге салынған әр тастың түйірі олардың қажырлы еңбегінің айғағы. Ал мұндай жүйелі күтім мен жауапты әрекет арқылы ғана теміржолдың қауіпсіздігі мен ұзақ мерзімділігі қамтамасыз етілмек.

 

Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді