Тазалық – баршаға ортақ міндет

Аймақтар
09.09.2025, 08:19
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Семей ЖТ бөлімшесінде түрлі экологиялық жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, сенбіліктер өткізу, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, желі бойына арнайы ескерту тақтайшалары мен бейнебақылау камераларын орнату, кейбір станцияларға кіреберіс автокөлік жолдарын жөндеп, кеңейту сынды көптеген жұмыстар жүргізілуде.

Семей ЖТ бөлімшесі әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы Бауыржан Буженовтің айтуынша, биыл 5 сәуірде басталған санитарлық-экологиялық акцияларға желі бойындағы барлық теміржол мекемелері қатысып, платформалар мен арнайы техникалар жұмылдырылған. Соның нәтижесінде аумақтардан 39,3 мың тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылыпты. Тораптық станцияларда жоспарға сәйкес санитарлық-гигиеналық орындар, қоқыс жәшіктері, демалыс орындықтары және жарықтандыру жүйелері орнатылды. Бұл іс-шаралардың барлығы теміржолшылар жұмыс орындарының жайлылығын толықтай қамтамасыз етуге бағытталған. Сол тәрізді Семей ЖТ бөлімшесінің бас ғимаратынан бастап желі бойындағы өзге де көптеген станциялар аумағы абаттандырылды.  

Экология департаменті рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін ғарыштық мониторинг арқылы анықтау жұмысын жалғастыруда. Соның арқасында соңғы үш жылда желі бойына заңсыз қоқыс тастау фактілері азайып келеді. Одан бөлек вокзалдар аумағы мен оған кіреберіс жолдардың тазалығы басты орынға қойылып отыр. Семей және Жаңа-Семей сынды іргелі тораптық жүк станцияларында әсіресе түнгі мезгілде бұралқы иттерді аулау шаралары да қосымша жүргізілді. Бұл жұмыстар ауысым бойынша жұмыс істейтін теміржолшылардың қауіпсіздігі үшін қолға алынды.  

Селекторлық жиындарда тазалық жұмыстарын жандандыру, сенбіліктер өткізу мәселелері де тапсырылады. Осыған орай жергілікті атқарушы билік өкілдерінен құрылған арнайы жұмыс тобы аймақтағы «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға мониторинг жүргізетін болады.  

– Кластан тыс Семей станциясындағы жоспарлы жұмыстар толықтай жүзеге асырылуда. Аумақты абаттандыру жұмысына жергілікті билік те жәрдем беріп отыр. Мәселен, жуырда қалалық әкімдік өкілдері келіп, атқарылып жатқан тазалық жұмыстарына жоғары баға берді, – дейді Семей станциясының бас инженері Бекзат Кәрімханов.  

Станциялардағы жаз бойы жүргізілген санитарлық тазалық іс-шаралары алдағы күзгі комиссиялық бақылау кезінде басты талаптардың бірі ретінде есепке алынып, желі бойындағы мекемелер жұмысының негізгі көрсеткіші ретінде де бағаланады.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті