Сапалық көрсеткіштер орындалды

Аймақтар
19.09.2025, 09:32
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда ЖТ бөлімшесінің солтүстігіндегі басты бекеттердің бірі – Арал теңізі станциясы. Шіліңгір шілденің аптап ыстығы мен аңызақ желі теміржолшылардың үйреншікті күйбең тірлігіне қолайсыздық тудырғанымен, аралдық теміржолшылар кәсіби міндеттерін абыроймен атқарып шығуға атсалысты.

Жүк тиеу және түсіру жоспары меже үдесінен шықпаса да, сапалық көрсеткіштер орындалған. Биылғы жылдың шілдесінде станция бойынша жүк тиеу жоспарының орындалуы 72% құрады. Жоспарланған 921 вагонның орнына 661 вагон, яғни 43 895 тонна жүк тиелген. Тәуліктік жоспар29,71 вагон болса, нақты орындалу- 21,32 вагонмен нәтижеленіпті. Жүк тиеу көлемінің өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға төмендеуі теміржолшылар үшін сын сәт болса да, статикалық жүктеме көрсеткіші тұрақты сақталған. Бір вагонға шаққанда жоспарланған 66,54 тоннаның орнына 66,40 тонна жүктеліп жоспар 100 пайыз орындалған.  

«Жүк көлемінің азаюына қарамастан, біз сапа мен тиімділікті сақтап қалдық. Бұл – ұжымның үйлесімді жұмысының нәтижесі. Станциядағы жүк түсіру жұмыстарында өткен жылмен салыстырғанда өсім бар. Жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысы тұрақты бақылауға алынған. Пойыздарды бекетке қабылдау және жөнелту үнемі бекітілген технологиялық регламентке сай жүргізіледі. Жолаушылар мен жүк пойыздарының кестеге сай қозғалысы сақталып, вагондарды тиеу мен түсіру секілді өндірістік бағыттар жоғары деңгейде орындалуда, – дейді станция бастығының логистика жөніндегі орынбасары Наурызбек Жұмабаев.  

Жүк түсіру бойынша 400 вагонның орнына 349 вагоннан жүк түсіріліп, жоспар 87,25 пайызға орындалыпты. Десек те, жүк түсіру көлемінің былтырғы кезеңмен салыстырғанда 45 пайызға артып, вагон айналымының жандана түскені байқалады. Шілде айында бір жүк операциясына кететін орташа тұрып қалу уақыты 13 сағаттың орнына 12,5 сағатты құрап, жоспар 104% орындалған.  

Бекеттің тәжірибелі пойыз құрастырушысы Болатбек Киікбаев пен жүк қабылдап-тапсырушы Ляззат Қайырлаева вагон айналымын жеделдету бағытында белсенді жұмыс істеп, әр жүктің уақтылы қабылданып, жөнелтілуін қамтамасыз етіп отыр. Тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы Рахымжан Махамбетов пен тауар кассирі Эльмира Боранқұлова АСОУП жүйесіне ақпаратты уақтылы, нақты және сапалы енгізіп, пойыз қозғалысы мен жүк тасымалының тиімділігін арттыруға үлес қосып келеді.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда