Маңғыстау локомотившілері қысқы сынаққа сақадай сай

Аймақтар
30.09.2025, 09:17
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жайма шуақ жаздың жайлы күндері аяқталып, күз келді. Алда қаһарлы қыс тұр. Қатал маусымға ертерек қам жасайтын теміржолшылар әлдеқашан қарекетке кірісіп кеткен.

Түбектік теміржолшылардың да қарбалысы артқан. Әр мекеме өзіне қажетті құрал-саймандары мен техникасын сайлап, қысқа дайындық жасауда. Жолшылар жолдың кем-кетігін түзеп, локомотившілер отарбасын майлап, жағармайын қамдап жатыр.  

Шаруашылықтың қысқа дайындығын пысықтайтын күзгі комиссиялық байқау да басталып кетті. Маңғыстау локомотив депосында биыл комиссиялық байқаудан отызға жуық тепловоз өтеді. Депоның пайдалану паркінде жалпы 42 тепловоз бар болса, соның 28-і комиссиялық байқауға қатысады. Оның ішінде 14 дана 2ТЭ10МК сериялы, 13-і ТЭМ сериялы, тағы біреуі ТЭ33А сериялы тепловоздары. 2ТЭ10МК, ТЭ33А сериялы тепловоздар күздік комиссиялық байқаудан Мақат, Шалқар, Сексеуіл жөндеу деполарда өткізіледі. Ал ТЭМ сериялы тепловоздары болса жергілікті «Ғасыр-Маңғыстау» ЖШС жөндеу депосынан күздік байқаудың дайындығын алады.  

– Бүгінге дейін күзгі комиссиялық байқауға үш тепловоз ағытылды. Оның екеуі ТЭМ сериялы, біреуі 2ТЭ10МК сериялы тепловоз. Екеуі комиссиялық байқаудың дайындығын алып шықты. Біреуінде әлі жүріп жатыр. Сонымен қатар локомотив бригадаларының күшімен ТЭМ сериялы төрт тепловоз толық сырланды. Қалған тепловоздарға қатысты жұмыстар да жоспарға сай жүріп жатыр.  

– Депода барлығы 42 тепловоз бар, оның 25-і 2ТЭ10МК сериялы, 12-сі ТЭМ-2 сериялы, 2-і ТЭМ-18 сериялы, 2-і ТЭМ-11А сериялы және 1 дана ТЭ33А жолаушылар/ жүк пойыздарын тартатын тепловоздар. ТЭМ сериялы тепловоздар маневрлық қозғалысқа пайдаланылады. 2ТЭ10МК сериялы тепловоздары пайдалану мерзімі аяқталып қалғандықтан олар бірте бірте пайдаланудан алынып жатыр. Келер жылдың жартыжылдығында жүруін толықтай тоқтату туралы тапсырма бар. ТЭМ-11А сериялы биыл келген су жаңа тепловоздарымыз да бар. Алдағы уақытта тағы да 2 дана ТЭ36 жүк тепловоздары беріледі деген бұйрық бар. Сондықтан қазір Балқаш депосында Маңғыстау мен Бейнеу айналым депосынан машинист нұсқаушысы мен машинистер осы ТЭ36 тепловозын оқып үйренуге іс-сапарда жүр. Осылай пайдалану паркін бірте бірте жаңа тепловоздармен жаңартып жатырмыз, - дейді Маңғыстау локомотив пайдалану депосының жөндеуді бақылау бөлімінің бастығы Сәбит Зияев.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті