Түбекке су жаңа тепловоздар келді

Аймақтар
16.10.2025, 12:12
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қарт түбектің халқы түгел көшеге шыққандай қуанышты күн болды. Маңғыстау темір жолына зауыттан жаңа шыққан қос бірдей тепловоз келіп, қаумалаған жұрт шашу шашып, ақсақалдар бата беріп қарсы алды.  

Бәйгеге түсуге дайындалып бабына жеткен тұлпардай жасанған ТЭ36А сериялы №8001, №8002 тепловоздардың тұсауы кесіліп,  салтанатты түрде  Маңғыстау локомотив депосының паркіне қабылданды.

Астанадан арнайы келген қонақтар қатарында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас инженері Марлен Көкрекбаев, Локомотив шаруашылығы департаментінің директоры Константин Цой, Локомотив шаруашылығы департаментінің бас инженері Арман Садықов түбек теміржолшыларының қуанышына ортақтасып, Компанияның тек  Маңғыстауда ғана емес, өзге де өңірлерде локомотив паркін жаңарту бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді. Күні кеше Қарағандының Жаңарқа паркі де су жаңа локомотивпен толыққаны сөз болды.    

Белгілі болғандай, су жаңа тепловоздар күні ертең-ақ жолға шығып,10 күндік сынақпен жүреді. Талаптардан сүрінбей өтсе, 11-күні хатамма жүзінде шешім қабылданып, толықтай эксплуатацияға рұқсат беріледі. Сынақты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Локомотив шаруашылығы департаментінің бас маманы Иван Костыря мен тепловоз машинисі Саламат Жаманбаев, машинист нұсқаушы Жұмабек Аселов бірлесе жүргізеді. Тепловоздар алғашқы сынақ сапарын Маңғыстау – Бейнеу телімі аралығында өтеді. Нәтижесі жақсы көрсеткішті көрсетсе, Маңғыстау локомотив пайдалану депосы болашақта тағы да осы сериядағы 20 тепловоз алуы жоспарланған.    

– Бұл ТЭ36А сериялы тепловоздар 2024 жылдың қазан айында Қытайдың CRRC Dalian Co Ltd компаниясында өндірілген. Аталған тепловоздың өзге тепловоздардан артықшылығы – іштен жану қозғалтқыш күшінің көптігімен дөңгелек жұбының үлкендігі.  Яғни қарапайым тепловоздардың іштен жану қозғалтқыш күші 3300 кВт болса, жаңа сериялы тепловоздың іштен жану қозғалтқыш күші – 3600 кВт. Қарапайым тепловоздардың дөңгелек жұптарының диаметрі 1050 мм болса, жаңа сериялы тепловоздың дөңгелек жұптарының диаметрі 1250 мм. Тепловоздардың басқару кабиналары толықтай ауа салқындатқышпен жабдықталған, кабинада тоңазытқыш пен қысқатолқынды пештер орнатылған, – деп сипаттама берді Маңғыстау локомотив депосының жөндеуді бақылау бөлімі бастығы Сәбит Зияев.  

ТЭ36А сериялы жаңа тепловоздарды басқару үшін түбектік машинистер алдын ала Балқаш депосында оқып келген.    

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты