Кемшіліктер қайталанбауы тиіс

Аймақтар
24.10.2025, 09:45
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстаудағы күзгі комиссиялық байқау қыркүйек айының ортасында басталып, түбек теміржолының түкпір-түкпіріндегі теміржол нысандары түгел тексеруден өткізілді. Теміржол шаруашылығының қысқы дайындығын сарапқа салған комиссия жұмысының нәтижесінде біраз кемшін тұстар түгенделіп, қателіктер жойылды.

Күзгі комиссиялық байқаудың қорытындысы бойынша Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің ғимаратында өткен кеңейтілген жиын барысында тексеруден өткен ғимараттардың, құрылыс нысандары, сол сияқты өзге де магистральдық инфрақұрылым объектілерінің, теміржол өткелдері, жолдар және көпірлердің жағдайлары сөз болды. Сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйі, техникалық құрылғылардың пайдаланылуы, өндірістік керек-жарақтармен жабдықталуы, т.т. бағыттарда тексеру жүргізілгені атап өтілді.  

Жиналыс барысында белгілі болғандай, тексерістер кезінде табылған кемшіліктер алдыңғы жылғы күзгі байқау қорытындысымен салыстырғанда 13 пайызға азайған. Нәтиже сәл де болса жақсарғанымен, ол кемшіліктер жойылып кетпеген. Оған жол бергендердің аты аталып, кемшіліктің алдын алу, қайталануына жол бермеу жайы талқыланды.  

«Кемшіліктен сабақ алу, оны екінші рет қайталамау басты ұстаным болуы тиіс. Соның ішінде тыйым салу бойынша, яғни бағыттамалық бұрмалардың, жолдардың, байланыс және СОБ құрылғыларының нормаға сай болмауының нәтижесінде пойыздар қозғалысының шектелуі және пойыздар қозғалысы жабылуының жиі қайталануы – осының дәлелі» деген пікір айтылды. Комиссия мәліметіне сүйенсек, биыл ПЧ-11 Құлсарыда – 1, ПЧ-12 Бейнеу бойынша – 9, ПЧ-13 Маңғыстауда – 3, Маңғыстау ШЧ мекемесінде – 21, ШЧ-11 Құлсарыда – 9, ЭЧ-5 бойынша 19 тыйым салу жағдайы тіркелген.  

Өрт қауіпсіздігі бойынша Күйкен бекетіндегі кезекші бөлмесінде электр розеткасы ашық күйде табылып, кемшілік шұғыл түрде жойылған. Вагон шаруашылығы бойынша Болашақ техникалық қызмет көрсету пунктінде автоматты өрт дабылы істен шыққан және эвакуация апаттық шығу белгісі жанбайтыны, Бопай станциясында автоматты өрт сөндіру сигнализациясы істен шыққаны анықталған.  

Сонымен қатар кемшіліктердің көп бөлігі станция басшыларының жеке қатысу нормативтерін орындамауы, техникалық сабақтардың және еңбек қорғау жөніндегі жоспардан тыс нұсқаулықтардың тиісті деңгейде жүргізілмеуі салдарынан станция қызметкерлерінің білім деңгейіне қатысты болған. Сондықтан олардың тарапынан пойыздық техникалық құжаттарды жүргізуде, құрамдарды тежегішпен бекітуде, жөндеу жұмыстарын жүргізуге толаскез беруде қателіктер орын алған.  

Тасымалдау саласында талон алу бойынша 7 кемшілік кездескен. 5 қызметкер қайта сынақ тапсыруға жіберілсе, бір жүк вагоны ағытылып, бір жолға маневрлік жұмыс жасауға тыйым салынған. Ғимараттар жағдайын тексеріс барысында Оазис станциясы мен №2, №7, №15 бекетте ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу қажеттігі белгілі болған. Локомотив шаруашылығында 2 қызметкер білімін тексеру үшін қайта сынаққа жолданған. 1 жарамсыз табандық алынып, 10 локомотив,14 жүк вагоны жұмыстан шеттетілген. Вагон шаруашылығында 4 қызметкер қайта сынақтан өтуге жіберіліп, вагондарға техникалық қызмет көрсету және вагондарды ағымдағы ағытып жөндеу пункттері бойынша қосалқы бөлшектердің қажетті санының болмауы, вагондарды тексеру және жөндеу технологиясының бұзылуы, технологиялық процесті орындау үшін вагондарды жөндеу жөніндегі тексерушілер мен слесарьлар штатының сәйкес келмеуі анықталған.  

Жолаушылар тасымалы бағытында 17 кемшілік және 5 тыйым салу тіркелген. Олар – техникалық құралдарды ұстау бойынша қабылданатын шаралар, жұмыс технологиясын орындау сапасы және алдыңғы тексерулер барысында табылған кемшіліктерді жоюдың іске асырылмауы, т.т. Қалпына келтіру және өрт сөндіру қызметінде де осындай кемшіліктер анықталған.  

Жиын қорытындысында осы аталған кемшіліктерге қатысты жұмысты күшейтіп, оларды қайталамау, қырағылықты арттырып, қауіпсіздікті нығайту бағытында тиісті мекеме басшыларына бірқатар тапсырма беріліп, бірқатар ұсыныстар айтылды.  

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға