Елдік пен еңбек мерекесі

Аймақтар
29.10.2025, 10:15
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда өңірінің теміржолшылары Республика күні мерекесін айрықша көтеріңкі көңіл-күймен, шынайы патриоттық рухпен қарсы алды. Егемен елдің еңселі мерекесіне орай аймақтың барлық салалық мекемелерінде салтанатты жиындар өтіп, теміржолшылардың табанды еңбегі мен ел дамуына қосқан үлесі лайықты бағаланды.

Халқымыздың мемлекетшілдігін, елдік рухы мен бірлігін айшықтайтын мерекеге орай салтанатты шара «AMANAT» партиясының қалалық филиалына қарасты «Магистральды желі» бастауыш партия ұйымында да ұйымдастырылды. Шараға бөлімше директорының міндетін атқарушы Ербол Оңғарбаев жетекшілік етіп, ел мүддесі жолында адал еңбек етіп жүрген қызметкерлерге алғысын білдірді.

– Республика күні – әр азаматтың еркіндігі мен ел дамуына қосқан үлесінің нышаны. Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ел бірлігі мен ынтымағы, еңбектегі табыс пен толағай жетістік әрдайым серігіңіз болсын. Тәуелсіз еліміздің абыройы асқақтай берсін! – деді Ербол Кажденұлы өз сөзінде.

Мерекелік жиында сала үздіктері мен еңбек майталмандары марапат төрінен көрінді. Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының аға электромеханигі Нұрлан Саттарұлы «Адал еңбегі үшін» медалімен, ал Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының электромеханигі Мақсат Өмірзақов «Үздік байланысшы» медалімен марапатталды. Сондай-ақ облыстық деңгейде өткен марапаттау рәсімінде шебер Ғалымжан Ахметов Қызылорда облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Бұдан бөлек, кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты мекемелердің үздік қызметкерлеріне де құрмет көрсетілді. Бөлімше басшылығы атынан әр мекемеден үш теміржолшыға Мадақтама қағазы мен бағалы сыйлық табысталды. 

– Республика күніне орай ұйымдастырылған шара теміржолшылардың рухын көтеріп, ел мен еңбекке деген сүйіспеншілігін арттырды. Әрбір марапат – тек еңбек адамының жетістігі ғана емес, бүкіл саланың мерейі. Біз теміржолшылардың еңбегін елеп-ескеріп, олардың абыройын асқақтатуға әрдайым дайынбыз, – дейді «Қазкөліккәсіп» ҚБ филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда