Республика күніне тарту: Болашақ станциясында ашық сахна салынды

Аймақтар
31.10.2025, 08:39
Суреттерді түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау темір жолына қарасты Болашақ станциясының тұрғындары үшін Республика күні жағымды жаңалықпен келді. Мемлекеттік мерекеге орай ауылда ашық сахнаның тұсауы кесілді.

Ауыл орталығынан су жаңа сахна салынып, халықтың игілігіне берілді. Ашық аспан астындағы бұл сахнаның орналасқан аумағы кең. Ол үшін ауылдың жарық, ыңғайлы жерінен жалпы ауданы 1000 шаршы метрлік орын бөлініп, өрнекті тас төселіп, айналасы қоршалған. Атшаптырым аумақтың ортасында темірден сахна орнатылған.  

– Ауыл басшылығынан осындай мерекелік тарту алып, жас-кәрі бәріміз мәз-мейрам болып жатырмыз. Бұрын мерекелік іс-шараларды қайда бос орын бар, сол жерде, вокзалдың не басқа мекеменің алдында өткізетінбіз. Енді ауылдың ортасында сахнамыз бар. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл жер болашақта тағы да көркейе түседі. Сахнаның төңірегіне орындықтар қойылып, субұрқақтар орнатылады. Мұндай бастаманы ұйымдастырып, осындай орынды дайындап, халыққа пайдалануға беріп жатқандарға алғыс айтамыз, – дейді Болашақ өрт сөндіру пойызында еңбек ететін ауылдың қоғамдық қауымдастық төрағасы Ерболат Бытықов.  

Болашақта республика күні кең көлемде аталып өтті. Жаңа сахнада өнерпаз қыз-жігіттер күшімен концерттік бағдарлама қойылып, ән шырқалып, күй шалқыды. Ақжаулықты аналар шашуын шашып, ақсақалдар батасын беріп, ауыл сахнасын мерекелік думанға бөледі.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда