Байланыстың сенімді кепілі

Аймақтар
13.11.2025, 11:54
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясы өндіріске заманауи технологияларды батыл  енгізіп, темір жолдағы қауіпсіздік пен сенімді байланыс деңгейі жылдан жылға артып келеді.

Темір жол бойындағы қауіпсіздік пен үздіксіз байланыс – теміржолшылардың ең басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясы жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар атқарып келеді.  375 адам еңбек ететін ұжым белгі беру және байланыс шаруашылығының негізгі желілік өндірістік жұмысын атқарып, пойыздардың қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етумен қатар, теміржол көлігінің ақпараттық-есептеу қызметтері мен телекоммуникациялық құралдарға деген қажеттілігін тиянақтап отыр.

Дистанция бастығы Нұрболат Төпештің айтуынша, 2025 жылдың он айында мұнда бірқатар маңызды жұмыстар атқарылған. Биыл мысалы дистанция қызметкерлерінің қүшімен Қауылжыр, Ұлпан және Шоқысу станцияларында СОБ жүйесінің 36 дана станциялық аккумуляторлары жаңартылған.  

– Биыл дистанцияда Бершүгір мен Тоғыз станцияларында АСТ/2.130 типті стационарлық антенналар орнатылды. Сонымен қатар байланыс магистральдық кабелі бойынша 181 дана қорғасын муфталар полиэтиленді муфталармен ауыстырылды. Ауыз толтырып айтатын жасалған жұмыс жетерлік. Шалқар – Тассай учаскесінде «ТЕТРА» стандарты бойынша радиобайланыс аппаратурасының 24 аккумулятор жиынтығы жаңартылды. Сол учаскеде оперативтік-технологиялық байланыс (МХ-1000) аппаратурасына 124 аккумулятор жиынтығы ауыстырылды. Бұл жұмыс сапасын жақсарта түсетіні сөзсіз.

Қауылжыр – Қайыр және Шалқар – Үшқұрай аралығындағы СОБ және байланыс құрылғылары сапа эталонына сәйкестендірілді. Бұл дегеніміз – белгі беру, орталықтандыру және блокировка жүйелері мен байланыс құрылғылары белгіленген техникалық стандарттар мен сапа талаптарына сәйкестендірілді деген сөз. Яғни пойыз қозғалысының қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылатын бұл құрылғылар қайта тексеріліп, қажетті жағдайда жаңартылып, заманауи талаптарға сай келетін деңгейге келтірілді, – дейді дистанция бастығы.

Сонымен қатар қызметкерлердің жұмыс жасауына ыңғай жасау және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында Шалқар станциясындағы байланысшылар үйі мен ОКИП ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алабас және Қырғыз станцияларында қуаты 8 кВт болатын екі дизель-генератор агрегаты орнатылып, іске қосылған. Жем станциясындағы төрт ғимаратта газдандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта Шалқар – Бейнеу учаскесінде жүк тасымалының артуына байланысты автоблокировка жүйесін жаңғырту жұмыстары басталыпты. Міне, осындай нәтижелі де сапалы жұмыстары үшін Шалқар сигнализация және байланыс дистанциясы «Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы» атағын иеленіп, ауыспалы ту алды.  

– Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында біздің бірқатар теміржолшылар да марапатталып, олардың кәсіби шеберлігі мен адал қызметі жоғары бағаланды. Бұл – қарапайым жұмысшыларға деген құрметтің белгісі, – дейді дистанция басшысы.

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты