Бөрітескен бекеті жаңа келбетке ие болды

Аймақтар
17.11.2025, 13:16
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылордалық теміржолшылар пайдаланылғанына жарты ғасырға жуықтаған нысандарды мердігер ұйымдардың күшімен жаңартып, сала еңбеккерлерінің еңбек жағдайын жақсартуға күш салуда.

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Ербол Саулебековтің тапсырмасы бойынша осыған дейін бірнеше ЭЦ посттары мен Бәйгеқұм, Сексеуіл станцияларындағы теміржол өткелдері жаңартылып, заманауи үлгідегі нысанға айналған. Тағы 4 нысанды пайдалануға беру үшін қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр.

Жуырда ғана пайдалануға берілген нысандардың бірі бөлімшенің Жаңақорған ауданы аумағындағы Бөрітескен бекетінде 1975 жылы салынған, жалпы ауданы 92,16 шаршы метр болатын ЭЦ ғимараты ағымдық жөндеуден кейін адам танымастай жаңарып, жаңғырып шыға келді. Жөндеу барысында ғимараттың шатыры толық ауыстырылып, терезелері мен есіктері жаңартылды.

Қасбеті заманауи ақ-көк түсті металл қаптамамен қапталып, нысанның жалпы сыртқы келбеті заманауи бейнеге ие болды. 2025 жылға бекітілген бағдарлама аясында бұл нысанда мердігер ұйым «Теміржолсу Қызылорда» серіктестігінің күшімен 11 455 344 теңге көлеміндегі қаржыға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.    

Сондай-ақ Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясына қарасты Жайылма бекетіндегі ЭЦ пост ғимаратына да ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ғимарат толықтай жаңартылып, жұмысшылардың санитарлық-тұрмыстық жағдайы қамтамасыз етілді.  

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының бас инженері Мейіржан Әбсадықұлының айтуынша, Жайылма бекетінде жүргізілген жаңғырту жұмыстары теміржолшылардың әлеуметтік және қызметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Жылы да жарық әрі қолайлы жерде еңбек ету кім-кімге де болса ұнайтыны белгілі, жұмысшылардың көңілінен толық шығып отыр.    

Бөлімшенің ғимараттар мен инженерлік жүйелерге қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы Жалғас Құрақбаевтың айтуынша, жалпы ағымдағы жылы аймақтағы 13 нысанды жөндеу жоспарланған болса, соның 9-ы толық аяқталып пайдалануға берілген, қалған 4 нысанда жаңғырту және абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

– Барлық  жұмыстар аймақ теміржолшыларының еңбек жағдайын жақсарту, қауіпсіз әрі тиімді жұмыс ортасын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылып жатыр. Басты мақсат – теміржолшылардың еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту. Бүгінгі жаңару – ертеңгі сапалы еңбекке деген ынта мен жігер, – дейді ол.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда