Теміржолшыларға алғашқы медициналық көмек пен азаматтық қорғаныс дағдылары үйретілді

Аймақтар
20.11.2025, 11:08
Суреттерді түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының тапсырмасына сәйкес, Атырау ЖТ бөлімшесінде азаматтық қорғаныстың имиджін арттыру мақсатында оқу-сабағы өтті.  

Оған барлық  станция мен локомотив депосы, басқа да құрылымдардың қауіпсіздік инженерлері мен мамандарынан 100-ге тарта адам және Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Медицина апаттар орталығы қызметкерлері қатысты. Олар төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл жасау, алғашқы медициналық көмек көрсету және азаматтық қорғаныстың маңыздылығы туралы тәжірибелік сабақтар өткізді. Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженері Нұрлан Сұлтанғалиев жұмысшылар үшін бұл шараның аса маңызды екенін жеткізіп, жергілікті теміржолшылар атынан дәріс беруші мамандарға алғысын білдірді. 

 

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасы мен Медицина апаттар орталығының мамандары қандай да бір зардап шеккендерге көмек көрсету қағидаларын теміржолшыларға көрнекі құралдар көмегімен түсіндірді. Ең алдымен өңірдегі қазіргідей экология нашар кезде адамдардың кенеттен жүрегі ауыру, қан қысымы көтерілу, не басқа да жағдайлардың жиілеп кеткендігі сөз болып, сондай кезде оларға алғашқы медициналық көмек көрсету, яғни жедел жәрдем машинасы келгенге дейін базалық реанимация жасау қажеттігін түсіндірді. Орталық фельдшерлері арнайы манекенді пайдаланып, ең әуелі ауырған адамды шалқасынан жатқызу, тынысын тыңдау, тамыр соғысын білу қажеттігін, науқастың кеудесінен басып дем беріп, мұрнын жауап тұрып, содан соң аузынан ауа жіберіп үрлеу қажеттігін көрсетті. Сондай-ақ адам ауырған кезде оның ішкі органдары қайсысы қалай жұмыс жасайтынын, не жасамай қалатынын, адамды оңалтып жіберу үшін қалай әрекет ету тәсілдері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Қорыта келгенде, өмірін сақтауда алғашқы көмектің мәні зор екенін мамандар баса айтты. Теміржолшылар өздерінің көкейде жүрген сұрақтарын қойып, қанықты жауап алды. Соңынан қарапайым жағдайда әртүрлі аурудан адам өмірін сақтап қалған бейнекөрсетілімдер көрсетілді.    

– Мұндай сабақтар өндірісте жұмыс жасайтын адамдар үшін өте қажет. Темір жол стратегиялық һәм қауіпті нысан болғандықтан, азаматтық қорғанысты арттырады. Осы тұрғыда мамандардың бүгінгі сабағынан қатысушылар өздеріне қажетті пайдалы мағлұмат алды деп ойлаймыз, – дейді бөлімшенің азаматтық қорғаныс инженері Н.Сұлтанғалиев.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті