Теміржолшы кәсібіне құрмет

Аймақтар
27.11.2025, 14:46
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Ақтөбе облысының тарихи-өлкетану мұражайында теміржолшы есімі ұлықталды. Онда белгілі теміржолшы Таңсықбай Қазымбетовтің өмірі мен қызметіне арналған мұражайлық экспозиция ашылды.

Саналы ғұмырын теміржол саласына арнаған қарапайым еңбек адамы Таңсықбай Қазымбетов 1933 жылы Ақтөбе өңірінің Мұғалжар ауданында туып өскен. Ембі қаласында ФЗО-да оқып, еңбек жолын паровозда от жағушы болып бастаған. Орынборда оқып келіп, пойыз жөндеу шебері, бас кондуктор, локомотив депосының жөндеу шебері, машинист көмекшісі, машинист қызметтерін атқарған.  

Ерен еңбек ескерусіз қалмай, Таңсықбай Қазымбетов «Еңбек даңқы» орденімен және «Құрметті теміржолшы» белгісімен, басқа да медальдармен марапатталған.  

– Бұл бұрыш – теміржолшының еңбегі мен қоғамдағы орнын бағалап, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында жасалды. Мұражайға келушілер қарапайым еңбек адамының тарихта қалған атын, еңбек жолымен таныса алады, – деді мұражай қызметкерлері.  

Теміржолда от жағушыдан бастап, ерекше табысқа жеткен тұлғаның еңбегі мен өмір жолы туралы мәліметтер экспозицияда толық көрсетілген. Еңбек адамының бейнесін, кеңестік дәуірдегі идеология мен жұмысшы маманға деген құрметті көру қиын емес.  

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайының тарихы тұтас ғасырды қамтиды. 1929 жылдан бастап жинақталған құжаттар мен жәдігерлер – өңір шежіресінің баға жетпес қазынасы.  

Сол құнды мұражайда теміржолшыға арналған арнайы бұрыштың ашылуы – шойын жолдың қара нары атанған еңбек адамына деген шынайы құрметтің белгісі. Бұл бастама – теміржол саласының өңір дамуындағы орны мен оның батырларының еңбегін ұлықтаудың жарқын үлгісі.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда