Болашақ теміржол энергетиктері Семей дистанциясының жұмысымен танысты

Аймақтар
08.12.2025, 13:18
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей электрмен жабдықтау дистанциясында ашық есік күні өтті. Оған кәсіптік білім беретін теміржол колледжінің ұстаздары, студенттер, яғни болашақ энергетиктер арнайы қатысты.  

Ашық есік күні барысында студенттерге Семей теміржолындағы электрмен жабдықтау қызметінің негізгі бағыт-бағдарлары, сонымен қатар осынау саладағы қауіпсіздік шаралар туралы мол көлемдегі ақпарат ұсынылды. Дистанция қызметкерлері студенттерді жылы қарсы алып, кәсіпорындағы негізгі цехтардың жұмысымен таныстырды.

Шараға қатысушы студенттер «Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша білім алып жатқандықтан болашақ мамандық иелерін қызықтыратын жайттар мол болды. Сұрақтары да көп екен. Бірқатары теміржол колледжін аяқтаған соң осы мекемеге жұмысқа орналасуға ниетті екендіктерін де жасырмады. Алдағы уақытта олар ЭЧ-18 дистанциясында кәсіптік іс-тәжірибеден өтіп, теориялық білімдерін ұштай түсетін болады.

– Биылғы Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде өзара ынтымақтастық туралы арнайы меморандум негізінде Семей магистральдық желі бөлімшесі мен қаламыздағы теміржол колледжі және Мансап орталығы аясында бірлескен іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады. Жыл соңындағы ашық есік күні осыған орай ұйымдастырылуда. Біздің кәсіпорындарда аталмыш колледж түлектері көптеп еңбек етуде. Болашақ әріптестеріміздің қазіргі күннен бастап нағыз кәсіби маман болуына біз де елеулі үлес қосып жатырмыз, – дейді бөлімшенің кадр басшысы Данияр Баймағұлов.  

 

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті