Темір жол ревизорларының жұмысы: биыл ауыр апаттар тіркелмеді

Аймақтар
12.12.2025, 09:29
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Темір жолда қауіпсіздік – ең өзекті мәселе. Ал салалық ревизорлар – сол қауіпсіздікті ішкі бақылау жүйесінің маңызды буыны. Олар тек қадағалауды ғана емес, сонымен қатар өңір теміржолының тұрақты дамуына және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін профилактикалық-талдамалық және консультациялық функцияларды орындайды.

Маңғыстау өңірі бойынша бас ревизордың орынбасары Қайрат Ниязовтың мәліметінше, өңірлік салалық аудиторлар жұмысының қорытындысы бойынша өткен 11 айда 595 тексеру жүргізілген. Оның 101-і кенеттен, 15-і түнгі тексеру болып, нәтижесінде 3865 ескерту анықталды. Негізінен технологиялық процестерді сақтамау және жылжымалы құрам мен техникалық құралдарды ұстаудағы бұзушылық болған.  

– Тексерістер нәтижесінде техникалық құралдар мен жылжымалы құрамның құрамындағы әртүрлі сәйкессіздіктер бойынша 73 локомотив, 9 ССПС, 72 жүк вагоны және 17 жолаушылар вагоны пайдаланудан тоқтатылды. 5 станциялық жол жабылды. 33 бағыттаушы бұрма, 41 бағыттаушы бұрмада қозғалыс жылдамдығы шектелді. Жолдың 28 учаскесінде қозғалыс жылдамдығы шектелді, техникалық процестің 124 кестесі және жоспарлы түрде жойылды, – дейді Қайрат Ниязов.

Жыл басынан бері қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың 7 жағдайы тіркеліпті. Былтырмен салыстырғанда 2 дерекке азайған. Анықталған бұзушылықтарды санатына жіктегенде де олардың ауырлығы бойынша жағдайдың төмендеуі байқалады. Мәселен, өткен жылғы тоғыз деректе біреуі апатты жағдай, төртеуі оқыс оқиға, қалған төртеуі жай оқиға ретінде тіркелген. Ең сорақысы – апат. Биыл алғашқы екі санаттағы ауыр жағдайлар кездеспеді, жеті жағдай да оқиға ретінде тіркелген.

– Өткен жылы мұндай өрескел бұзушылықтар көп болғандықтан тексерістерді де, профилактикалық жұмыстарды да көбейттік. Қателікке бой алдырған адамдарға қатысты қатаң шара қолданылды. Сондықтан биыл ол айтқандай ауыр санаттағы өрескел бұзушылықтар кездеспеді. Бірақ қабылданып жатқан шараларға қарамастан, адами фактор бойынша қозғалыс қауіпсіздігін бұзу, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін сапасыз орындауы, кәсіпорын басшылары тарапынан бақылаудың төмен деңгейі әлі де бар. Биылғы жеті жағдайды жіктесек, оның басым бөлігі сол адами факторға тіреледі. Мысалы, Үстірт станциясында орын алған оқиғада шаруашылыққа қолданылатын шпал және басқа да жабдықтар вагондарға габариттен тыс тиеліп бағдаршамды соғып кетіп, құлатқан. Ол жерде жол шаруашылығының басшысы болмаған, ол өз уақытында келіп, өзі жұмысын ұйымдастырып тұрғанда мұндай жағдай орын алмас еді. Келесі оқиғада екінші және үшінші бекеттің аралығында мобильді диагностикалық кешеннің (МДК) жұмыс жасау барысында анықталған ақауға байланысты теміржол жабылды. ПЧ басшылары тарапынан дереу ақауды жоюға байланысты тиісті іс-шара қолданылмағандықтан, бір сағаттан артық пойыздар қозғалысы тоқтап қалды.  

Осы жылдың шілде айында Бейнеу станциясында ескі вокзал ғимаратын бұзу кезінде ЭЦ постын көшіру жұмыстары жүргізіліп, станция 40 тәулікке орталықтан ажыратылған болатын. Соған байланысты станцияда барлық жұмыс қолмен басқару жүйесіне көшірілген. Сол кезде қызметкерлер тарапынан өрескел бұзушылық орын алып, бұрманы дұрыс дайындамай кесіп кету жағдайы орын алды. Маңғыстау және Құрық порты станцияларында да маневрлік жұмыстар кезінде өрескел қателіктер кездесті. Онда вагондарды тұйыққа кіргізіп жатып, белгіленген жерден асып, призмаға шығып кетті.  

Жоғарыда аталған жайттарға жол берген адамдарға қатысты тиісті шаралар қолданылып, қатаң сөгіс жарияланды. Кейбір қызметкерлер басқа жұмысқа ауыстырылып, міндеті төмендетілді. Бірнеше жауапты басшылар тәртіптік жазаға тартылды, – деп мәлімет берді ревизор.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда