Тәуелсіздік күніне тарту: Қызылордада еңбек озаттары марапатталды

Аймақтар
19.12.2025, 08:30
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Тәуелсіздік күніне орай Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде салтанатты мерекелік жиын өтті. Ұлық мерекеде еңбек озаттары марапатталып, сала ардагерлері төрден орын алды.

Әнұранмен ашылған жиын барысында бөлімше директоры Ербол Сәулебеков әріптестерін ел тарихындағы айтулы мерекемен құттықтап, теміржолшылардың ел экономикасындағы ерен еңбегіне ерекше тоқталды. Бұдан кейін салалық кәсіпті терең меңгеріп, бөлімшенің дамуына үлес қосып жүрген бірқатар еңбек озаттары алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Кезекпен сөз алған бөлімше басшылары да әріптестеріне алғыстарын білдіріп, мерекелік лебіздерін жолдады.  

Сонымен кәсіподақ қозғалысын дамыту мен еңбек адамының мүддесін қорғауға сіңірген еңбегі үшін Қызылорда теміржол вокзалының басшысы Жарас Қойшығұловқа ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының Құрмет грамотасы табысталса, бөлімшенің «Әйелдер қоғамы» атынан бес теміржолшыны қоғам төрайымы Гүлзада Жақсылықова марапаттады. Ал желі бойындағы станция-бекеттерде қызмет атқаратын теміржолшыларға арналған марапаттар мен арнайы сыйлықтар өз жұмыс орындарында табысталатын болды. Марапат төріне көтерілген озаттарға бөлімше басшылығы мен кәсіподақ ұйымының атынан бағалы сыйлықтар берілді.  

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды