Жолшылар сақадай сай дайын

Аймақтар
19.12.2025, 08:48
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде қыс айының екінші аптасы боранмен басталды. Тас жолдарда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді. Ал темір жолды қардан тазартуға 52 техника мен 500-ге жуық қызметкер жұмылдырылды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі 2025-2026 жылғы қысқа дайын. Жол бөлімінен алынған мәлімет бойынша пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспары бекітілген. Жоспарланған жұмыстарды уақытылы орындау мақсатында филиал директоры Серғали Жайлаубай басқаратын тұрақты комиссия құрылған. Алгоритм бойынша қар тазалау жұмыстары екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезекте негізгі бригадалар бекітілсе, қар қалың әрі ұзақ жауған жағдайда көршілес қызметтердің қызметкерлерінен екінші кезектегі бригадалар жасақталады.  

Сонымен қатар қар тазалайтын және автотракторлық техникаларды апатты жағдайда қалпына келтіру үшін арнайы жөндеу бригадалары құрылды. Барлық қызметкерлер қысқы арнайы киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілген.  

– Қазіргі таңда 52 қар тазалау және қар күреу техникасы жұмыс істеп тұр. Теміржол төсемінің қармен жабылуын болдырмау үшін биыл 41 шақырым қардан қорғайтын қоршаулар жөнделді. Желтоқсан айының басынан бері теміржол инфрақұрылымын жауын-шашыннан тазарту жұмыстарына шамамен 500 адам жұмылдырылды. Өткен аптада қалың қар мен боран салдарынан туындаған қиындықтарды жою үшін тиісті қызметтер тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті. Жылжымалы құрамның ауа-райына байланысты кешігуі не тұрып қалуы жоқ, – деді Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің бастығы Бауыржан Хамзин.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті