Абай облысында «Жұмысшы мамандықтар жылы» қорытындыланды

Аймақтар
12.01.2026, 13:16
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Абай облыстық Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен аймақ бойынша Жұмысшы мамандықтар жылын қорытындылауға арналған жиын өтті.

«Еңбек адамы – ел мақтанышы» атты тақырыпта өткен іс-шараның негізгі мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы негізгі жетістіктер мен жаңа бастамаларды жұртшылық назарына ұсыну, сондай-ақ еңбек адамдарының қоғамдағы мәртебесін арттыру болды.    

Басқосу барысында түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген еңбек адамдары салтанатты түрде марапатталды. Теміржолшылар арасынан Абай облысы бойынша үздік еңбек әулеті атағын жеңіп алған Түкібаевтар династиясы сахна төріне шақырылып, Алғыс хатпен марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.

Көпшілік жалпы еңбек өтілі 616 жылды құрайтын танымал теміржолшылар  әулеті жайлы деректі фильмді тамашалады.  Бірнеше жыл қатарынан «Еңбек жолы» республикалық байқауына қатысып, «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған Түкібаевтардың бүгінде  бесінші буыны ата кісібін жалғастыруға қадам басқан. Жалпы, әулеттің 37 адамы еліміздің теміржол саласында абыроймен еңбек етіп жүр.  

Әулет негізін қалаушылар – ағайынды Маукен, Ілияс, Сыдық деген жігіттер темір жолдағы еңбек жолын өткен ғасырдың сонау 30-ыншы жылдары бастап, Түркістан-Сібір теміржолының құрылысына қатысқан екен.

– Арғы атамыз Мәукен Түкібаев пойыз кондукторы, содан кейін станция бойынша кезекші болған. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында станция бастығы болып жұмыс істеп, әскери оқ-дәрілер мен азық-түліктерді майданға үздіксіз әрі қауіпсіз жеткізу жұмыстарын қамтамасыз етуге үлес қосқан. Оның ағалары Ілияс пен Сыдық Түкібаевтар аймағымыздағы жол дистанциясында жұмыс атқарған, – дейді кеш барысында марапатқа бөленген Семей жол дистанциясы кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғалымбек Түкібаев.

Әкелерінің еңбек жолын Маликриян Маукенұлы, Серікқан Ілиясұлы, Ғали Сыдықұлы, Зұлқұмар Сыдықұлы сынды ұлдары абыроймен жалғастырған. Бүгінде  Семей темір жолында, НЖС-6 бөлімшесі мен Семей станциясында Түкібаевтар әулетінің немерелері мен шөберелері жұмыс істеп жүр.

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты