Сексеуіл локомотив депосы жылды табыспен қорытындылады

Аймақтар
15.01.2026, 10:15
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Сексеуіл локомотив пайдалану депосында өткен жыл қорытындысына арналған жиын өтті. Теміржол саласының ауыр да жауапты жүгін көтеріп жүрген еңбек адамдарының маңдай тер, табан ақысына алғыс айтылып, құрмет көрсетілді.  

Жыл бойғы тынымсыз еңбектің нәтижесі депоның жылды табысты аяқтауына сеп болғаны анық. Сондықтан Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен жиын теміржолшылар еңбегінің қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте айқындады. Депо бастығының орынбасары Еркебұлан Аяғанов темір жолдың тоқтаусыз қозғалысы – осынау еңбек адамдарының арқасы екенін жеткізді.  

Басшылықтың шешімімен депоішілік жүргізілген байқау нәтижесі шығарылып, Батырбек Қосбармақов «үздік бригадир», Бекен Демеуов «үздік бөлім басшысы», Асылбек Текебаев «үздік маман», Асылхан Ибрагимов «үздік керуен», Жаңалық Нұрмағанбетов «үздік машинист», Мадияр Өтемісов «үздік машинист көмекшісі», Айдос Ниязбаев «үздік машинист-нұсқаушы», Жасұлан Ұлықпанов «үздік жөндеуші» атанса, «үздік бөлім» номинациясын өндірістік-техникалық бөлім иемденді. Осылайша жыл үздіктері шеруінде депоның озат, кәсіби мамандарына құрмет көрсетіліп, олардың тәжірибелері үлгі етілді.  

– Үздіктерге құрмет көрсету – еңбек адамына деген шынайы сыйластықтың көрінісі. Бұл дәстүр бізде жақсы үрдіске айналды. Әрбір үздіктің есімі жеке аталып, құрмет пен қошеметке бөленіп, сый-сияпатқа ие болды, – дейді депо кәсіподағы ұйымының төрағасы Нұрлан Жұмқанов.

 

 

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес