Аязға дес бермеген жолшылар

Аймақтар
23.01.2026, 09:06
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жол дистанциясының жолшылары Белкөл станциясының оңтүстік алқымында бар болғаны үш сағатқа созылған толаскез өткізді. Рамалық рельсті ауыстырып, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін тағы бір мәрте күшейткен жол жөндеушілер қаңтардың аязды күнін елең қылмастан жұмыс істеді.

Күн әдеттегіден аязды әрі жел қарыған ызғарлы еді. Белкөл станциясының оңтүстік алқымында сары жилет киген жолшылар таңертеңгі онға белгіленген толаскезге дайындық қамымен бір сағат ерте жиналып, қарбалас тірлікке көшкен. Бүгін мұнда жаңа рамалық рельсті үшкірі және артындағы жалғағыш рельстерімен қоса ауыстыру жұмысы атқарылмақ. Уақыт шектеулі, бар болғаны 3 сағат. Пойыздар кестесіне кедергі келмейтін сәтті тиімді ойластырған бөлімше басшылығы мен құзырлы органдардың мұрсатымен сағат 10:00-ден 13:00-ге дейінгі аралықта телімнің белгіленген жолы толық жабылды. Станцияның ДУ-46 журналына жазба енгізіліп, станция кезекшісінің хабарлауымен «толаскез басталды» деген пәрмен берілгеннен барлық жұмыс рет-ретімен, шапшаң атқарыла бастады.  

Толаскез басталысымен рельс бекітпелерін бұрап босатып алып жатқан жолшылар санаулы сәтте өз орындарын тапты, босатылған рельс орнына жаңа отандық өнім салына бастады. Бірі гайкалы бұрағышпен бұрандаларды бар күшімен тартып, енді бірі күрекпен балласты қиыршық тасты нормасына келтіруде, енді бірі рельс бекіткіш құралмен қалып-раманың және бекітпелердің беріктігін мұқият тексеріп жатыр. Барлығы бір ырғақта, бір мақсатта, бір тәртіппен қимылдап, бірін бірі толықтыруда.  

Бұл жұмыс ауыр техниканың көмегінсіз, толықтай қол күшімен орындалады. Рамалық рельс, оның қалыбы, жалғағыш тетіктері мен өзге де элементтері салмақты. Әр бөлшек болаттай мықты, ал оны орнату асқан төзімділік пен тәжірибені талап етеді.  

Толаскезге телім басшысы Рүстем Досымов пен жол шебері Серік Жұмағұлов басшылық жасап, 12 жолшы жұмылдырылған. Олар топ-топқа бөлініп, әр топ өздеріне белгіленген жұмыстарды атқарып шықты. Жол бригадирі Қалдыбек Әділов тобындағы жол жөндеушілер Кенжехан Дайрабаев, Болат Бойданов және Абдулла Маханбетқали то ласкездің әр минутын тиімді пайдалануға тырысты.  

Бұл – сырттай қарағанда жолшылардың күнделікті жоспарлы жұмысы. Алайда мұндай жұмыстар аса жоғары жауапкершілікпен, қатаң бақылаумен, техникалық регламентті мүлтіксіз сақтай отырып атқарылатынын теміржолшылар жақсы біледі. Бұған дейін осында №5 бағыттамалық бұрма ауыстырылса, бүгін міне рамалық рельс жаңартылуда. Бұл – жол табанының сенімділігі мен пойыз қозғалысының қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан жүйелі жұмыс. Ең бастысы жолшылар сапаға кепілдік береді.  

Қызылорда жол дистанциясының бас инженері Ахметқали Елеусіновтің айтуынша, атқарылып жатқан жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес келеді. Жол табанын күтіп ұстау – жолшылар үшін маусымдық емес, жыл он екі ай тоқтамайтын үздіксіз еңбек.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды